Көп жерде ойын бүкпесіз айтатын, қалағанын алмай тынбайтын арсыздар ұтады
Сурет: ЖИ
Өмірде өз ойын еш бүкпесіз айтатын, кез келген жағдайда дегеніне жетуге тырысатын адамдар кездеседі. Біреу мұны батылдық десе, енді бірі – арсыздық, бетпақтық немесе тым еркін мінез деп қабылдайды. Әрине, адамның мінезіне тәрбиесі, ортасы және өмірлік тәжірибесі әсер етеді. Дегенмен астрологияға қызығатындар кейбір қасиеттерді жұлдыз белгісімен де байланыстырады.
Астрологиялық болжамдарға негізделген ойын-сауық сипатындағы «арсыздар рейтингін» жасап көрдік.
12-орын – Шаян
Шаяндар – өте сезімтал әрі ұялшақ жандар. Олар бірбеткейлік, арсыздық танытқаннан гөрі үндемей қоя салғанды жөн көреді. Біреудің көңіліне тиіп кетемін деп алаңдайтындықтан, батыл әрекетке сирек барады.
11-орын – Бикеш
Бикештер тәртіп пен әдептілікті бірінші орынға қояды. Кейде сын айтып жатса да, оны сыпайы жеткізуге тырысады. Сондықтан оларды ашықтан-ашық арсыздық танытатын адамдар қатарына жатқызу қиын.
10-орын – Балықтар
Балықтар жанжалдан қашады. Олар өз мүддесін қорғаудың орнына, көбіне жеңісті қарсы тарапқа бере салуға бейім. Сондықтан бетпақтықтан гөрі жұмсақтық танытатын жері басым.
9-орын – Таразы
Таразылар барлығымен тіл табысуға тырысады. Даулы жағдайда екі жақты татуластырғанды жақсы көреді. Өзінің айтқаны өтпесе де, дау шығармайды.
8-орын – Суқұйғыш
Суқұйғыштар еркіндікті жақсы көреді және өз пікірін ашық айтады. Қажет жерде ұятты ысырып қойып, қалағанына қол созуды біледі. Бірақ олар мұны әдейі біреуді ренжіту, алдын орау үшін емес, өз қажетін алу үшін жасайды.
7-орын – Тауешкі
Тауешкілер мақсатқа жету жолында табандылық танытады. Кейде осы мінезі өзгелерге қырсықтық немесе қатаңдық болып көрінуі мүмкін. Дегенмен олар әдеп шегінен аса бермейді.
6-орын – Арыстан
Арыстандар жұрт назарында жүргенді ұнатады. Өзінікі дұрыс екеніне сенімді болса, өзгелердің пікірін елемей кетуі мүмкін. Сол себепті олардың батылдығы кей адамдарға бетпақтық, алға ұмтылысы арсыздық болып көрінеді.
5-орын – Сарышаян
Сарышаяндар өз ойын жасырып қалмайды. Егер бір нәрсе ұнамаса, оны тура айтады. Кейде өткір мінезі мен мысқылды сөздері айналасындағыларды ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін.
4-орын – Торпақ
Торпақтар өз дегенінен қайтпайтын қырсық мінезімен ерекшеленеді. Бір шешім қабылдаса, оны өзгерту өте қиын. Сол шешімін іске асыру үшін ештеңеден тартынбайды. Кей жағдайда бұл қасиет бірбеткейлік, бетпақтық, арсыздық ретінде қабылданады.
3-орын – Егіздер
Егіздер сөзге шешен, жылдам жауап қайтарады. Олар кез келген ортада өзіне назар аударта алады. Кейде әзілдеп, кейде шындап айтқан барлық сөздері өзгеге орынсыз немесе тым еркінсу көрінуі мүмкін.
2-орын – Мерген
Мергендер ойына келгенді бірден айтып салады. Шындықты жасырғанды ұнатпайды, оны жеткізу жолы да көбіне тік, қатаң. Сондықтан өзгелерге аузы батыр, сөзі өткір, өзі арсыз әрі бетпақ болып көрінеді.
1-орын – Тоқты
Бұл рейтингте бірінші орын Тоқты белгісіне бұйырған. Тоқтылар өте батыл, қайсар әрі тәуекелшіл келеді. Олар өз пікірін қорғаудан ешқашан қорықпайды және көбіне бірінші болып әрекет етеді. Кейде дәл осы тура мінезі мен ешкімнен именбейтін қасиеті оларды зодиактағы ең бетпақ белгі ретінде сипаттауға себеп болады.
Әр адамның мінезі тек жұлдыз белгісіне ғана байланысты емес. Тәрбие, өмірлік тәжірибе, қоршаған орта және жеке қасиеттер мінездің қалыптасуына әлдеқайда үлкен әсер етеді. Сондықтан бұл рейтингті әзіл-оспақ пен ойын-сауық ретінде қабылдаған дұрыс. Кейде бетпақтық болып көрінетін қасиет басқа жағдайда батылдық, өзіне деген сенімділік немесе көшбасшылық қабілет болуы да мүмкін.
Аударған: Х. ОРАЛ,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


