Ғаламдық күштер барлық адамға бірдей қамқор. Тек, әркімге артықшылық әртүрлі нәрседе беріледі.
Өмірінде қалағаны өздігінен орындалып кететін, үлкен ұтысқа ие болған, ажал тырнағынан ойламаған жерден сытылып шыққан жандарды «жолы болғыш» деп айтып жатамыз. Ал енді біреулер ойлағаны орындалмай, қалағаны болмай, көздегеніне жете алмай қиналады да, «жолы болмайтын, қырсық шалған адам екенмін» деп көңілі қалады.
Асылында, ғаламдық күштер барлық адамға бірдей қамқор. Бәрінің де жолы болғыш. Тек, әркімге артықшылық әртүрлі нәрседе беріледі.
ТОҚТЫ
Сіз жалпы жолы болғыш жандар қатарына жатасыз. Көп жағдайда өзіңіз ойламаған нәрселер де бұйырып жатады. Алайда, аса ауқымды дүние емес, көбіне ұсақ-түйек игіліктер. Мәселен, сауда-саттық жасағанда сұрамасаңыз да жеңілдік жасайды, қалтаңыздан көптен ұмытып кеткен ақшаны тауып аласыз. Қандай да бір сәттерде айыпты боп тұрсаңыз, аяқ астынан жағдай өзгеріп кетіп, ақталып шыға келесіз, тағысын тағылар. Осындай сәттіліктерге қанағат етіп, ал үлкен мақсаттарға жетуде ғажайыпқа иек артпай, аянбай тер төгуге тура келеді.
ТОРПАҚ
Сіздің махаббатта жолыңыз болғыш. Тумысыңыздан тартымдысыз, жаратылысыңыз көздің жауын алардай, адамдарды өзіңізге тарта білесіз. Дәл осы себеппен үнемі ел назарындасыз. Сізбен жақын араласуды армандайтындар көп. Сондықтан, көңіліңіз кімге ауса, соны айналдырып түсіріп, бірге бақытты да баянды ғұмыр кешуге мүмкіндігіңіз жеткілікті.
ЕГІЗДЕР
Дос-жаранға қатысты жолыңыз болғыш жансыз. Үнемі жаңа орта, таныстық іздеп жүресіз. Осы ниетіңізге сай жақсы адамдар жолығып, адал дос, шынайы жанашыр, сенімді серіктесіңізге айналады.
ШАЯН
Отбасылық қарым-қатынаста басқаларға қарағанда жолы болғыш. Бала тәрбиесі, үй-тұрмыс – бәріне белсенді араласады. «Бар байлығым – жанұям, бірінші орында – отбасым» деген принциппен өмір сүреді. Осы ұстанымға беріктігінің арқасында ма, әлде ниетіне қарай жақсы жар жолыға ма, әйтеуір жеке өмірінде бәрі жақсы.
АРЫСТАН
Махаббат ойындарының патшасының жеке өмірде айы оңынан туғыш. Адамдардың назарын да, көңілін де өзіне оңай аударта алады. Маздаған махаббат, бойдыф билеген бір сәттік сезімдермен шектелмей, ұзақ та берік қарым-қатынас құрып, бақытты отбасылық өмірді өткізеді. Осының өзі үлкен бақ, жолының болғаны емес пе?
БИКЕШ
Белгі иелерінің білім жолында тілегені алдынан іздемей-ақ табылып тұрады. Жаңа нәрсені үйрену, меңгеру олар үшін қиындық, тапсырма емес, ләззат әкелетін іс, хобби іспетті. Жаңа ақпаратты сорғыш секілді сіңіреді. Алған білімін кәсіби бағытта қолданса, жұлдызы жанып, біраз жетістікке жетеді.
ТАРАЗЫ
Қарым-қатынаста жолы болғыш. Өмір жолында үнемі жақсы, адал, жанашыр жандар жолығатын секілді. Әйтеуір дос болса – адал, жар болса – өмірлі, көрші болса – ағайыннан жақын болып кететін кезі көп. Жаңадан танысқан адамдар көп ұзамай-ақ жақынына не пайдалы танысына айналып шыға келеді.
САРЫШАЯН
Қаражатқа келгенде қашанда жолы болып кететіні бар. Қайдан қалай мол табыс келетінін, қаржысын қайда құйса тиімдірек болатынын түйсікпен сезетін секілді. Өйткені, ақшасын қалай жұмсаса да, еселеніп өзіне қайтып келіп жатады.
МЕРГЕН
Мергеннің басына не жағдай түссе де, «Не істеймін?» деп бас қатырмауына болады. Өйткені бірте-бірте шиеленіс өзінен-өзі жазылып, өздігінен шешіліп кетіп жатады. Бәрі Мергеннің пайдасына қарай шешілуін өмір өзі реттеп қоятын секілді.
ТАУЕШКІ
Мамандық таңдауда қателесе қоймайды, тап осыған келгенде жолы болғыш. Соның арқасында қолына алған кәсібі өрге домалап қоя береді. Қандай қиын жұмыс болса да, еш негативсіз, жаны қиналмай жасайды.
СУҚҰЙҒЫШ
Суқұйғыштың басына тәуекелге бас тігуге тура келетін сәттер көп түседі. Алайда, еш қорықпаса да болады. «Тәуекел түбі – жел қайық, өтесің де кетесің, Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің» деген сөз тап осы белгі иелеріне арналған секілді. Қауіп-қатерге бас тігіп, тәуекелмен басқан әр қадамы жеңіске апарады.
БАЛЫҚТАР
Армандаңыз. Арман-тілегіңіз өте көп және өте үлкен бола берсін. Бәрінің дерлік орындалуы мүмкін. Себебі, дәл осы тұста жолыңыз жиі болып кетеді. Алдыңызға мақсат қойып, жоспар құрып, соған қарай қадам бассаңыз, қанша тер төксеңіз де жете алмауыңыз мүмкін. Ал, армандасаңыз, сіздің арманыңызды орындауға бүкіл әлем күш салатындай.
Аударған: А. Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: