Қалай әсер ететінін білгіңіз келе ме?
Қолыңыздағы ұялы телефонның байланыс нөмірі тағдырыңызға әсер ететінін біліп пе едіңіз? Білмесеңіз, төменнен оқуға болады.
Оқуға өтпес бұрын байланыс нөміріңізді қағазға жазып, ондағы сандарды бір-біріне қосып шығыңыз. Мәселен, 8 776 333 95 41 болса,
8+7+7+6+3+3+3+9+5+4+1=56
5+6=11
1+1=2
Осылайша бір таңбалы сан шыққанға дейін қосасыз. Сізде нәтиже қандай болды?
1
Бұл нөмір көшбасшы болғысы келетін, басшылық қызметке ұмтылатын, адамдарды басқаруды қалайтындарға ең қолайлы болып табылады. Сондай-ақ, амбиция, идеяңызды жүзеге асыруға, өсуге, дамуға ұмтылып жүрсеңіз, жұмыс орнында қызметіңіздің жоғарылағанын қаласаңыз, онда осы нөмірден айрылмаңыз.
Ал, егер жұмыс іздеу үстінде жүрсеңіз, жұмыс берушілермен байланысты жақсартқыңыз келсе немесе жеке бизнеспен айналысып, күнделікті көптеген тапсырыс қабылдап, тауар әлде қызметіңізге сұраныс болғанын қаласаңыз, басқа нөмірге ауысқаныңыз жөн болады. Өзінің теңін іздеу үстінде жүрген жандар үшін де, бұл нөмір қолайсыз болып табылады.
2
Бұл нөмірдің иелері – өте нәзік, басқаларға қамқор болғанды ұнататын, үнемі тыңдап, қолдау көрсетуге дайын тұратын жандар. Басым көпшілігі өзінің екінші жартысын жолықтыра алмай, асыға күтіп жүр. Жеке өмірінде өз теңін табу қиынға соғады. Мұндай жағдайда нөмірді ауыстыруға кеңес береміз.
Бұл нөмір үнемі байланыста жүретін жандар үшін өте қолайлы. Әсіресе, бір бизнесіңіз болса немесе бизнес-серіктес болсаңыз. Егер сіз медицина саласының қызметкері, тілші, фрилансер, агент, псиxолог, смм-маман, маркетолог, маклер болсаңыз, онда бұл номерді қолдану сізге қолайлы болады. Ол адамдармен байланыс орнатуға жақсы. Әйткенмен, «үлкен ақша» алып келуі екіталай екенін де айта кету керек.
3
Бұл нөмір шығармашылыққа жақын, талантты жандар үшін өте қолайлы болып табылады. Шоу-бизнес, медиа, ойын-сауық, сонымен қатар тез шешім қабылдауды қажет ететін сфераларда жұмыс жасайтын жандарға сәттілік әкеледі. Жобасына инвестор іздеу үстінде жүрген жандар үшін де жайлы нөмір.
Бұл нөмір иелері сөзге шешендігіне қарамастан, кейде өз-өзін толықтай ашылып көрсете алмай жатады. Сенімсіздіктен арылып, сынды көтеріп, өз ісіңіздің шебері екеніңізді дәлелдегіңіз келсе, нөмір ауыстырып көріңіз.
4
Нөмір иелері тұрақтылықты жақсы көреді. Яғни өзгерісті жаны сүймейтін жандар. Жұмыс орнын ауыстырғысы келмейді, бір мекемеде лауазымын жоғарлатып, сол жерден зейнетке шығуды көздейді.
Бұл нөмір мемлекеттік қызметте, банк саласында жұмыс жасайтын жандарға қолайлы болып табылады. Егер жұмысыңызға көңіліңіз толмай, жұмыс орнын ауыстырғыңыз келіп жүрсе, алдымен телефон нөміріңізді ауыстыруға кеңес береміз.
5
Нөмір иелері – шығармашылыққа жақын, кішкене аңқау, бірақ ортасында өте белсенді болып жүретін адамдар.
Бұл нөмір жарнама агенті, сән журналының баспаxанасы, тур ұйымдастыратын агенттік орталықтар үшін өте қолайлы. Екінші жартысын іздеп жүрген жандар үшін де сәтті деп айтуға болады. Бірақ, әдетте қарым-қатынастары көпке созылмай жатады. Егер отбасылы болып, тұрақтылықты қажет ететін болсаңыз, басқа нөмір алуға кеңес береміз.
6
Соңғы нәтижесі «6» шығатын нөмір иесіне гармония, жылулық, жайлы өмір сыйлайды. Әсіресе, шоу-бизнес, медиа сынды шулы да тынымсыз сала қызметкерлері үшін өте қолайлы. Коуч, тренер, псиxолог, дәрігер, визажист, диетолог, стилист немесе блогер сияқты көпшілікпен тығыз байланыс жасайтын жандарға да сәтті нөмір деуге болады.
7
Жеке өміріңізге көңіліңіз толмаса, екінші жартыңызды таппай немесе сүйіктіңізбен жақсы қарым-қатынас орната алмай жүрсеңіз, тез арада нөмір ауыстыруға кеңес береміз. Өйткені, қазіргі нөміріңіз сізге гармонияға толы, тұрақты қарым-қатынас алып келуі екіталай. Керісінше қарым-қатынасыңыз қиындап, ортада мәселелер көбейе береді.
Сонымен қатар, бизнес иегері болсаңыз, клиент санын өсіргіңіз келсе, ол сізге жарамайды. Бұл нөмірге қоңырау көп түспейді, ұсыныстарда нақтылық болмайды.
Ал егер көпшіліктен оңашалануды, тыныштықты, жалғыздықты қаласаңыз, осы нөмірде қалыңыз. Әсіресе, өзі жайлы ешкімнің ештеңе білмегенін қалайтындарға дәл арналған.
8
Нөмір иелері қайсар мінезді, алға қойған мақсаттары анық, өз ісін соңына дейін жеткізетін жандар. Нақтылықты, іскерлікті жақсы көреді. Сондықтан телефон арқылы әдетте бизнес, келісім-шарт, ақша, мерзім, клиент жайлы әңгіме құрылады. Жалпы, үлкен жобалар ұйымдастыратын, бизнес саласында жүрген жандарға қолайлы номер болып табылады.
Асылында, 8 – ақша саны. Сондықтан да бұл нөмір ақшаның айналасында жүрген жандарға тиесілі. Алайда, олардың барлығын бай деуге келмейді. Бұл адамдар көп ақша жүретін жерде жұмыс жасауы да мүмкін. Мысалы банк, букмекер орталықтары.
9
Егер сіздің жұмысыңыз біреуге көмек көрсетумен байланысты болса немесе жұмысыңызды ақша үшін емес, шынайы маxаббатпен жасайтын болсаңыз, бұл нөмір дәл сізге арналған. Оған көбіне сізден көмек, мотивация, кеңес, қолдау күтетін жандар xабарласады. Біреулерде жұмысына байланысты (псиxолог, волонтер, қоғамдық қызметкер), біреулерге жәй ғана туыстары, құрбылары ақыл-кеңес үшін xабарласады. Сондай-ақ, кол-орталық, көмек көрсететін орталықтар, қайырымдылық орталықтары үшін де сәтті номер болып табылады.
Егер шын мәнінде өсуді, жетістікке жетуді, шыңдарды бағындыруды жүрекпен қалайтын болсаңыз, бұл нөмір сізге тек сәттілік алып келіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз.
Дайындаған: Ару Мұхамеджан,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: