Сурет: i.pinimg.com
Туған күн – тек құжаттағы сандар, құттықтаулар мен сыйлықтарға себеп қана емес. Ол сіздің бірегей кодыңыз. Бұл кодта көп нәрсе жазылған: жанның өзге өмірлерде жинаған тәжірибесі, туа біткен қабілеттеріңіз, тіпті осы өмірге алып келген міндеттеріңіз, т.б.
Осы кодты терең түсінсеңіз, өзіңізге мүлдем жаңа көзқараспен қарайтын боласыз. Қайдан келгені белгісіз ойларды мағынасыз деп санап, мән бермей жүресіз бе? Кейбір істерді ешқашан арнайылап үйренбесеңіз де игеріп кететін қабілетіңіз бар ма? Қайсыбір зат не адамға түсініксіз құштарлық немесе керісінше, себепсіз ұнатпаушылық бола ма? Мұның бәрі мағына табады, егер өткен өміріңізде кім болғаныңызды білсеңіз.
14–28 шілде, 23–27 қыркүйек, 3–17 қазан аралығында дүниеге келгендер:
МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК ПЕН ТЕРЕҢ ОЙ ИЕСІ
Өткен өміріңізде білім мен жұбаныштың шуағын шашқансыз. Адамдар сізді данышпан санап, кеңес пен рухани қолдау алу үшін келетін. Сіздің күшіңіз – әдемі сөйлеуде ғана емес, терең ойшылдық пен адамға деген жанашырлықты үйлестіре білуде болған.
Бұл рөліңіз қазіргі өміріңізге де әсер еткен. Сондықтан өзгенің ауырсынуы мен жалғыздығын өз жаныңызға батқандай сезінесіз. Жанын емдеуге, сөзбен қолдауға, немесе тым болмағанда жай ғана жанында болуға ұмтыласыз. Жүрекпен ойлап, ақылмен сезіне аласыз. Сіз үшін махаббат – үнемі қамқорлық көрсету мен терең түсіністік таныту арқылы көрініс табады.
22–31 қаңтар, 8–22 қыркүйек күндері туғандар:
ҮЛКЕН ТАЛАНТ ИЕГЕРІ
Жаныңыз өзін бір орында көп тұрақтай алмайтын мәңгілік жолаушы әрі шығармашыл тұлға ретінде таниды. Ылғи да жаңа жерлерді көргіңіз келетіні, жаңа әсерлер іздейтініңіз содан. Өткен өміріңізде өнеріңіз арқылы адамдардың жүрегін емдедіңіз. Әлемге сұлулық қана емес, мән-мағына сыйлағансыз.
Қазіргі өміріңізде бұл энергия нәзік сезімталдық пен өткір ой, терең ақылдың үйлесімі арқылы көрініс табады. Өмірлік мәселелерге шығармашылық көзқараспен қарайсыз, логиканы да жоғалтпайсыз. Сонық арқасында елден ерек әрі ұтымды шешім табасыз. Стандартты жолдардың бәрі жабық көрінгенде, шығармашылық ойлау қабілетіңіз, қиялыңыз көмекке келіп, күтпеген, бірақ дұрыс шешім тауып береді.
Туған күндері: 29 шілде–11 тамыз, 30 қазан–7 қараша:
АҚИҚАТ ПЕН ӘДІЛДІК КҮРЕСКЕРІ
Өткен өміріңізде сіз ақиқат сөзді өткір қылыш та, мызғымас қалқан да ете білдіңіз. Өзіңізге төнер қауіпті елең қылмастан, шындық үшін күресте алдыңғы шепте тұрып, әділдік үшін аянбай күрескенсіз. Сүйектен өтетін, нысанаға дөп тиер сөздеріңіз талай тағдырларды өзгертіп, аяққа тапталған әділеттілікті қалпына келтіре алатын.
Бүгінде де адалдық сіздің ішкі өзегіңіз болып қалғанын аңғару қиын емес. Ақиқатты айтып сөйлеу дарыныңыз әлі де бар: адамдарды татуластырып, сенімді дәлелдер келтіріп, дауларда тепе-теңдікті орната аласыз. Айналаңыздағы адамдар мұны бейсаналы түрде сезініп, сізден қолдау күтеді. Тек кейде өзіңізге деген сенім жетіспей жататыны бар. Бұл бұрынғы әр сөзіңіз үшін үлкен жауапкершілік арқалағаныңыздың әсері болуы мүмкін.
8–21 қаңтар, 1–11 ақпан аралығында туғандар:
ТӘРТІП САҚШЫСЫ, ҚОРҒАУШЫ
Әлсіздер мен әділетсіздікке ұшырағандарды қорғайтын, жүйеге қарсы тұрып, әділдікті орнатуға ұмтылған қайраткер болғансыз. Ең басты құндылығыңыз – өзіне қорған бола алмайтындарға жақсылық жасау еді.
Бұл өміріңізде де сол идеализм мен әділдікке деген жоғары сезімді сақтап қалдыңыз. Өзгелер үшін адал дос, жанашыр жақын, мейірімді бейтаныс жансыз. Сіз үшін маңыздысы – әрекеттеріңіз арқылы әлемге жақсылық пен жарық тарату.
1–10 наурыз, 27 қараша–18 желтоқсан күндері дүниеге келгендер:
БАСҚАРУШЫ, КӨШБАСШЫ
Бұрынғы өміріңізде сіз билік пен басқару жүгін арқаладыңыз. Жауапкершілікті мойныңызға алуды және басқаларды соңыңыздан ерте білуді меңгердіңіз.
Қазір де өміріңізді өзіңіз басқарғанды, тәуелсіздікті бағалайсыз. Жетекке ергенді емес, көшбасшы болғанды жөн көресіз. Бейберекет идеяларды нақты жоспарлап, құрылымды жобаларға айналдыру – табиғи дарыныңыз.
12–29 ақпан, 20–31 тамыз күндері өмір есігін ашқандар:
КӨРЕГЕН КӨСЕМ, ЕЛДЕСТІРУШІ
Өткен өміріңізде дипломат әрі кеңесші болдыңыз. Ең жаман сәттерде де дұрыс сөз табу арқылы суырылып шыға білдіңіз. Күрделі қарым-қатынастарда абырой мен адалдықты сақтап қала білдіңіз.
Жүрегіңізді сақтықпен қорғайсыз, бсонымен қатар шынайы әрі сенімді жақындыққа қатты мұқтажсыз. Сіздің жолыңыз – алдымен өзіңіздің барлық қырыңызды қабылдап, жақсы көре отырып, әлемге біртіндеп ашыла білу.
Туған күндері: 20 сәуір–8 мамыр, 12–19 тамыз:
ТӨЗІМСІЗ РУХ ИЕСІ
Жаныңыз жеңістің де, жеңілістің де дәмін жақсы біледі. Дауылға тіке қарап, қасқайып тұрған кездеріңіз болды. Өз соңынан ертуді де, ерік-жігер арқылы бағындыруды да бастан өткердіңіз. Қазіргі өміріңізде бұл қуатты энергия енді бейбіт арна іздеуде. Сізге әлі де құштарлық пен күшке толы, бірақ ауыздықтауға келетін махаббат қажет. Қарым-қатынасыңыздағы қызғаныш не толық бақылауға ұмтылу өткен өмірдің көлеңкесі, оны өзгерту қажет.
Туған күндері: 9–27 мамыр, 29 маусым–13 шілде:
БІЛІМ ТАРАТУШЫ
Өткен өміріңізде білім сақтаушысы болдыңыз. Фактілерді жинап, шындық пен қиялды ажыратып, даналықты келешек ұрпаққа мұқият жеткізуге тырыстыңыз.
Бұл миссия қазіргі болмысыңызға да әсер етті. Ғылым-білімге құрметпен қарайсыз және сөздің құндылығын бағалайсыз. Ішіңіздегі шам сізге ғана емес, жаныңыздағыларға да жол көрсетіп тұрғандай.
11–31 наурыз, 18–29 қазан, 19–31 желтоқсанда туғандар:
СӨЗ СИҚЫРШЫСЫ
Сіз сөздің сиқырын меңгерген жан болдыңыз. Айтқандарыңыз адамдарды шабыттандырып, сендіріп, баурап алатын.
Қазіргі өмірде де адамдарды өзіңізге тартасыз. Қарым-қатынас сапасына аса мән бересіз және бос сөзге төзбейсіз. Сіз үшін диалог мәнді, ал қарым-қатынас шынайы әрі ұзақ мерзімді болғаны маңызды. Сіздің күшіңіз – шынайы, салмақты сөз арқылы ниетіңізді әрекетке айналдыра алу қабілетіңізде.
28 мамыр–18 маусым, 28 қыркүйек–2 қазан:
ӘЛЕМДІ ТАНУШЫ ЖИҺАНКЕЗ
Өткен өміріңіз – үздіксіз саяхат болды, әрбір жаңа білімді құнды олжа санадыңыз. Өмірді жаңа ашылулар үшін сүрдіңіз.
Әлемді тануға деген құштарлығыңыз әлі де сізбен бірге. Еркіндік пен жаңашылдықты жайлылық пен алдын ала болжанатын өмірден жоғары қоясыз. Шаршамау, қуат алатын орныңыздан адасып қалмау үшін өзіңіздің «ішкі үйіңізді» — жан тыныштығы мен демалыс табатын орынды есте сақтау маңызды.
Туған күндері: 1–19 сәуір, 8–17 қараша:
ТЫЛСЫМНЫҢ СЫРЫН АҚТАРУШЫ
Бұрынғы өміріңізде қалыптасқан догмаларға қарсы шықтыңыз. Жасырын білімді іздедіңіз, тылсым өнерлерді меңгеріп, көпшілікке беймәлім ақиқаттың түбіне жетуге тырыстыңыз.
Қазір де сізден ерекше құпиялы әрі қуатты энергия тарайды. Адамдар мұны интуитивті түрде сезінеді, бірақ неге екенін өздері де түсіне бермейді. Сізге берілген ең үлкен сынақ — ішкі жойқын энергияны қиратуға емес, жаңаны құруға және жарыққа орын босатуға бағыттау.
1–7 қаңтар, 19–28 маусым, 1–7 қыркүйек, 18–26 қарашада туғандар.
ТЕРЕҢ ФИЛОСОФ
Бұрынғы өміріңізде білім іздеуді өмірлік миссия еткен жансыз. Оңай жауаптарға қанағаттанбай, басқалардан тереңірек қазып, күрделі сұрақтар қоя білдіңіз. Адам табиғатын зерттеген философ болдыңыз.
Бұл қасиет бүгінгі болмысыңыздың өзегі. Терең ойлайсыз, шыншылсыз және кез келген құбылыстың түпкі мәнін ашуға тырысасыз. Басқалар байқай бермейтін нәрселерді сезіп, естисіз. Қарым-қатынаста сізге маңыздысы — тереңдік, адал әрі рухани байланыс.
Сіздің қабілеттеріңіз, қорқыныштарыңыз бен армандарыңыз – өткен өміріңіздің мұрасы. Өткен өмір сценарийлерін тани отырып болмысыңызды жақсырақ түсінесіз.
Аударған: А. Бектұрғанова,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: