Жүкті әйелдерге арналған жұлдызжорамал

0
3 065

Жүктілік кезең - әрбір әйелдің өміріндегі ең маңызды уақыт. Оны әркім әрқалай өткізеді. Біреулер құрсағына тіршілік біткен сәттен бастап көңілі жайланып, мамыражай күй кешсе, енді бірі күйгелектікке салынады. Жұлдызнама бойынша әрбір жұлдыз белгісінде туған әйелдер осынау тамаша кезеңге байланысты өзін-өзі ұстау ерекшеліктері болатын көрінеді.


Жүкті әйелдерге арналған жұлдызжорамал

Жүктілік кезең - әрбір әйелдің өміріндегі ең маңызды уақыт. Оны әркім әрқалай өткізеді. Біреулер құрсағына тіршілік біткен сәттен бастап көңілі жайланып, мамыражай күй кешсе, енді бірі күйгелектікке салынады. Жұлдызнама бойынша әрбір жұлдыз белгісінде туған әйелдер осынау тамаша кезеңге байланысты өзін-өзі ұстау ерекшеліктері болатын көрінеді. Осы жұлдызнама бойынша жүкті әйелді түсінуге тырысқан жөн секілді.


Тоқты

Тоқтылар үшін құрсағындағы нәрестенің маңыздылығы сонша, олар жүкті екенін білген сәттен бастап дәрігердің алдынан шықпайды. Түрлі тексерулерден өту, қажетті анализдерді дер кезінде тапсырып отыру, шарананың дамуына қажетті барлық жағдайды жасау тоқтыларға тән. Оны қоя беріңізші, шарана 4-5 айға толар-толмастан сәбидің бөлмесін жасақтауға, қажетті заттарды сатып алуға да кірісіп кетеді. Бұл жағдайда оларды қаржылық қиындық, уақыттың ертелігі секілділер тоқтата алмайды. Мұндай еркелікке жолдасының көндігуіне тура келеді.

Торпақ

Торпақтар шешімді терең ойланып, жан-жақты саралап барып қабылдайды. Бала мәселесіне келгенде де осы бір қасиеттері бой көтеріп, жоспарлы түрде бала көтеруді кейінге ысыра беруі әбден мүмкін. Бұл әрине, баланың қамы. Торпақтардың ойынша, дүниеге сәби әкелу үшін оған барлық жағдай сай болуы қажет, ештемеге мұқтаж болмауға тиіс. Ал, жүктілік кезінде өміріне аса қатты өзгеріс енгізе қоймайды. Жұмысын қатар алып жүреді. Алайда, тоқтылар табиғатынан дәрігердің алдына баруға асықпайды. Тек болашақ баласының денсаулығы үшін ғана қажетті тексерулер мен сараптамаға уақытылы жүгініп отырады. Өзге әйелдер секілді тым сезімтал, жаны жараланғыш, ашушаң, күйгелек болмайды. Жолдасы жүкті Торпақтың тек аздап жұмсақтау болғанын ғана байқайды.

Егіздер

Асылында, дүниеге егіз бала әкелетіндер көбіне осы жұлдыз белгісінде туғандар болады екен. Олар үшін жүктілік кезеңі – көңілді мереке іспетті. Бірақ, мұндай көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш бастапқы кезеңде ғана. Ағзасындағы өзгеріс мінез-құлқына әсер етпей қоймайды. Бірте-бірте көңіл-күйі құбылмалы, түймедейді түйедей ететін көңілшекке айналады. Алайда, уақытын құр жібермей, жүктілігіне қарамастан, ЖОО-дағы оқуын жалғастыру, тіл курстарына бару, басқа да жаңа нәрселер үйренуге келгенде белсенді.

Шаян

Шаян белгісінде туылғандар үшін жүктілік – бұл өмірлеріндегі ең маңызды кезең. Тек, балаларына лайық әке, өзіне өмірлік жар болатын адамын тапса болды, содан соң осы маңызды іске кірісе бастайды. Тұңғыш балаларын өзі үшін өмірге әкелсе, кейінгілерін отбасының босағасын берік ету үшін дүниеге әкеледі. Қызмет, қоғам, орта, әлбетте, екінші орынға ысырылады. Балаларына жеткілікті көңіл бөлу мен дұрыс тәрбие беру мақсатында отбасын, ошақ қасын бірінші орынға қояды.

Жүктілік кезеңі қиын өтеді десе де болады. Себебі, Табиғат-Ана сыйлаған осы бір тоғыз айда ол болмашыға көзіне жас алатын жылауық бала болып шығады. Кез келген әңгіменің соңы жылауға ұласуы әбден мүмкін. Жолдасына өзінің өмірлік маңызы бар іс атқарып жүргенін, дүниеге оның баласын әкелетінін айтып назданатыны болады.

Арыстан

Арыстандар кездейсоқ жүктіліктен гөрі баланың бойға жоспарлы түрде біткенін қалайды екен. Баланы жоспарлау белгілі бір себептерден туындауы да ғажап емес. Мәселен, өзіне ұнамайтын жұмыс орнынан бойын алшақ ұстау үшін, жүктіліктің көмегіне жүгінуі мүмкін. Ал, өзінің және шарананың денсаулығын, дамуын бақылап отыру үшін қымбат жеке емхана таңдағанды құп көреді. Тіпті, босану үстінде де өзін ханшайымдай ұстап, өзгелерге өзін мықтап тапсырады екен. Арыстандардың аналық махаббаты баласы аздап өсіп, қылығы шыға бастаған кезде барып оянады дейді жұлдыздар.

Бикеш

Барлық жұлдызбелгілер ішінде жалғыз ғана Бикештер қыз күнінен жүктілік жайын көп ойланады екен. Жай ойлап қоймай, болашақ баланың дені сау болуы үшін өз денсаулығын осы бастан сақтауды қолға алатын көрінеді. Өмір сүру салтын да соған лайықтап құра бастайды. Бала күтіміне арналған заттар, балалар дәрілері секілділерден де хабары бар. Ал, ақыры көптен күткен сәт туып, жүкті болғаннан соң бұл бикешімізде өзгелерге деген талапшылдық бой көтереді. Жолдасы мен оның туыстары жүкті келіндерінің бар жағдайын жасауға тиіс деген өзімшілдеу ой қалыптасады.

Таразы

Таразылар үшін жүктілік кезеңі романтикаға толы секілді көрінеді. Себебі, олардың бар болмысы сондай. Күнделікті тәттілер, сыйлықтар алғанды жақсы көреді. Өмірдің тек қызылды-жасылды ашық жағын ғана қабылдайды. Ал, өмірлік жарын ертегідегі ханзададан кем көрмейді. Осындай тәтті өмірлері бар отбасында ғажайып бала дүниеге келгенде, өзін лайықты ана етіп көрсетуге барын салады. Ана ретінде де, жар ретінде де, үй бикесі ретінде де өзін үздік етіп көрсетуге тырысады. Күйеуінің де көңілін табатын, оның туыстарына да жағатын, өзгелердің өзін жақсы көруі үшін барын салатын келін болу Таразылардың қолынан келеді.

Тағы бір ерекшелігі – жүктілік кезінде бұрынғыдан да ақылды, мейірімді, сүйкімді болып кетеді. Бірақ, дәрігерге уақытылы бару, сараптама тапсыру секілді міндеттерін назардан тыс қалдырады.

Сарышаян

Олар жүктілік кезеңінде атына заты сай нағыз «сарышаян» болады. Ашуына тиген не көңіл-күйі болмай тұрғанда дөп келіп қалған адамды аямайды. Сарышаяндар үшін де жүктілік — өмірдегі ең маңызды оқиға. Ал, жүкті әйел – ең ардақты әйел болуға тиіс! Сол себепті жақындарынан, әсіресе, жолдасынан кез келген тілегін орындауын, жай емес, тез арада орындауын талап етеді. Сарышаянның жолдасына кеңесіміз – мұндайда жүкті келіншегіңіздің тілегін орындап құтылыңыз. Әйтпесе, қиын болады.

Мерген

Мергендер де жүктілікке ерте бастан әзірленеді. Қиялында болашақ жүктілігін, сүйкімді балапандарын елестетіп, оларға ат табу олар үшін қызықты ермек. Жүктілігінің әсерінен белсенділігін жоғалтпайды, қарбалас тіршілігін тоқтатпайды. Құрсағы үлкейсе де, қажет болса, би алаңына барудан тайсалмайтын болашақ Мерген-аналар уақытты құр өткізгенді қаламайды.

Дәрігер алдына барғанды аса ұната бермейді. Ол үшін жүктілік кезеңінен гөрі баланың дүниеге келер сәті маңыздырақ. Сондықтан, босану уақытына асқан ұқыптылықпен дайындалады екен. Өзінің «Ана» атанғанын, жауапкершілігінің артқанын босана салысымен-ақ сезінеді.

Тауешкі

Тауешкі ханымдардың ең басты мінез ерекшеліктері – жүктілік кезеңінде өзін қатты жақсы көруі. Оларға өзін ұрпақ сабақтастығын жалғап жатқан маңызы зор, орны бөлек жандай сезінген шынында да қатты ұнайды. Оған қоса, өз ошағын жағып, түтінін түзу ұшырып отырғанына ризашылық сезімі де басым болады.

Жүктілігі айқын болғаннан соң-ақ баланы күтіп-баптау жайын меңгере бастайды. Оңашада репетиция жасап, жаттығып жатқанының үстінен түссеңіз, таң қалмаңыз.

Суқұйғыш

Суқұйғыш жұлдызында туған әйелдер көбіне кеш жүкті болады екен. Тәуелсіздікті жақсы көретін олар үшін өзін бір орынға отырғызып қою, күйеуге не балаға теліп қою мүмкін еместей көрінеді. Тек құрсағы өсіп, аяғының ауырлығы айқын біліне бастағаннан кейін ғана бала қамын ойлай бастайды. Кешіккеніне өкінгендей, әр сәт пен әрбір мүмкіндікті қалт жібермей, шарана үшін пайдасы бардың бәрін қолданады. Жынысы өзі қалағандай болуы үшін де түрлі амалдарға жүгінеді.

Балықтар

Балықтардың отбасын баласыз елестете алмайтынын ерекше атау керек. Сондықтан, кейде олар аяғы ауырлағаннан соң барып некені заңдастыруға қадам жасап жатады. Жүктілік кезінде жағымсыз энергия, артық эмоциядан арылу үшін ашуының бір бөлігін жолдасына қарай «лақтырып» тастайды. Табиғаты нәзік, айлалы болғанымен, жүкті болған кезде қаталдау, бірбеткей адамға айналады.

Дәрігер тексеруіне уақытылы барғаны былай тұрсын, болашақ аналарға арналған курстарға да жазылып тастайды. Себебі, ортақ мәселелерін айтып ой бөлісетін, пікір алмасатын, өзін түсінетін жан іздейді.