​Жұлдызнама-2019: Наурызда Сізді не күтеді?

0
3 023

Көктемнің алғашқы айында болатын өміріңіздегі өзгерістер, жақсы жаңалықтар мен күтіп тұрған кедергілер және оларды болдырмау жолдары – бәрі де бір ғана жұлдызжорамалда.


​Жұлдызнама-2019: Наурызда Сізді не күтеді?

Фото: mtdata.ru


Тоқты

Жаңа басталған ай Сіз үшін бірқалыпты да тыныш өтеді. Айдың алғашқы жартысында бойыңыздан ерекше күш ағынын сезінесіз. Осы күндері көбіне жүрегіңізді тыңдап, интуицияға сеніңіз. Көптен көлемді бір нәрсе сатып алуды ойлап жүрген болсаңыз, керегіңізді наурыздың бастапқы күндерінде іздеп көріңіз. Тиімді де арзан бағамен тауып қалуыңыз әбден мүмкін. Айдың орта шеніне қарай бос уақытыңыз көбейеді. Ол күндерді достармен, жақындармен өткізіп немесе саяхатқа арнап, көңіл көтеріп, қуат қорын толықтырып алыңыз. Әйтпесе, наурыздың соңғы күндерінде жабырқау күй мен көңілсіздік еңсеңізді басатын болады.


Торпақ

Уақыт пен сәттілік көктемнің алғашқы күндерінен-ақ Сізбен бірге екенін білдіреді. Сондықтан, наурызды көтеріңкі көңіл-күйде бастайсыз. Әйткенмен, алғашқы онкүндікте бәсекелестер белсенді іс-әрекеттерімен мазаңызды алады. Оларды басып озу үшінбіраз күш жұмсауға тура келеді, дайын болыңыз. Айдың екінші онкүндігі алдыңғыға қарағанда біршама тыныш. Сонда да әр қадам жасарда алды-артыңызға жіті қарап, әр шешім алдында жеті рет өлшеп барып кесіңіз. Бұл күндер – маңызды келісімшарттарға қол қою мен үлкен жоспарлар құруға сәтті уақыт. Оны тиімді пайдалана білсеңіз, айдың соңына қарай қаржылық жағдайыңыз едәуір жақсарады.


Егіздер

Егіздер үшін көктемнің бірінші айы табысты да жемісті болғалы тұр. Бұл айда туындаған мәселелердің күрмеуін оңай шешесіз. Ойыңызға көптеген жақсы идеялар келеді. Оларды іске асыра алсаңыз, кірісіңіз едәуір молаяды. Айдың бастапқы онкүндігінде көптеген жағымды кездесулер мен іс-шаралар күтіп тұр. Егер әлі отбасын құрмаған болсаңыз, жұлдыздар айналаңыздағы адамдардың әрқайсысына мұқият қаруға кеңес береді. Өмірлік серігіңізді жолықтыру мүмкіндігі жоғары. Екінші онкүндікте қызметке қатысты біршама қиын сұрақтар туындайды. Олардың оң шешімін табу үшін біраз күш салуға тура келеді. Сондықтан, бұл күндері бар назарыңыз жұмыста болсын. Ал, айдың соңғы күндерін біраздан бері жиналып қалған шаруаларды тындыруға, жеке өміріңізді реттеуге, үйді артық қоқыстардан арылтуға арнаңыз.


Шаян

Наурыз айында тағдыр тосыннан көптеген мүмкіндіктер тосады, оларды жіберіп алмаңыз. Бұл жеке өмірге де, мансабыңызға да қатысты болуы мүмкін. Ай басында жеке өміріңізге көбірек көңіл бөліңіз. Отбасылы болсаңыз, өмірлік серігіңізбен оңаша уақыт өткізіп, сезімдерді қайта жаңғыртыңыз. Айдың ортасына қарай шабытыңыз шарықтап, шығармашылыққа деген ынтаңыз оянады. Жалқаулыққа бой алдырмай, ойыңыздағы іспен айналыссаңыз, сүйікті ісіңіз көп ұзамай табыс көзіне айналады. Ай соңында өзіңізге әрекетсіз отыруға, еріншектікке бой алдыруға және әбігерге түсуге тыйым салыңыз.


Арыстан

Белгі иелері үшін наурыз – жемісті ай. Бұл кезеңде Арыстандар өз бойынан ерекше күшті, жағымды энергетиканы сезінеді. Соның арқасында көптен бастай алмай және бастап қойып, аяқтай алмай жүрген шаруаларды тез тындырып алуға мүмкіндігі бар. Ай ортасына қарай оған шабыт, рухтанушылық сезімдері қосылады. Олар белгі иесінің өзіне, өмірге деген сенімін одан әрі арттыра түседі. Осы бір жағымды сезімдер жеке және кәсіби өмірінің жақсы жаққа қарай өзгеруіне айтарлықтай әсер етеді.

Оқи отырыңыз:

Денені шынықтыру арқылы МИДЫ да жаттықтыруға болады


ТҮСІП КЕТКЕН көңіл-күйді жаттығу жасап КӨТЕРІҢІЗ


Бикеш

Наурызда барлық жерде белсенді болудан бас тартып, бар назарыңыз бен көңіліңізді өзіңізге аударыңыз. Жаңа нәрселер үйреніп, тұлғалық даму жолына түсіңіз. Бұл жолда өзіңізді аяудың қажеті жоқ, жетістікке алға қарай жасалған қадамдар, үздіксіз әрекет қана жеткізеді. Қаражат жағына бас қатырмаңыз, көлемді шығын шығаратын жағдайлар жоқтың қасы. Ай басында қызметіңіз ауысуы немесе мансабыңыз жоғарылауы ықтимал.


Таразы

Егер қызмет орныңыз бен жеке өміріңізге тәртіп орната білсеңіз, наурыз жайлы да жағымды естелікке толы ай болады. Жақсы нәрселерді көп ойлаңыз. Негатив ойлардың санаңыздан сығалауына жол бермеңіз. Себебі, бұл айда ойыңыздың материалдану мүмкіндігі жоғары. Сондай-ақ, астрологтар ретке келтіру ісін айналаңыздағы адамдарға да жүргізуге кеңес береді. Кедергі жасайтын, жалған күлетін, қажет болғандықтан араласып жүрген «достармен» араңызды үзіңіз. Үйге де тазалық жұмыстарын жүргізіп, артық қоқыстың бәрінен арылыңыз.


Сарышаян

Көктемнің алғашқы айы қызметтегі маңызды мәселелерді шешіп, қаржылық жағдайды көтеруге жақсы мүмкіндіктер ұсынады. Айдың орта шенінде көптен көріспеген дос не туыстармен жылы кездесу күтіп тұр. Ал, шығармашылықпен айналысатын Сарышаяндар тоқтау, тоқырау кезеңін бастан өткізеді. Мұндай үзілістің де болып тұрғаны дұрыс деп қабылдап, жақсылап демалыңыз.


Мерген

Белгі иелері айдың алғашқы күндерінде ұсақ-түйек жайсыздықтарға тап болады. Ол жақындармен ренжісу, құнды бір затының сынуы не жоғалуы, тағы басқалар болуы мүмкін. Қандай жағдай болса да, қапаланбаңыз. Кішкене көңіл-күйді түсіргенмен, өзіңіз жеңіл қабылдауға тырыссаңыз, арты үлкен мәселеге ұласпайды. Наурыздың аяқ шеніндегі аптада идеяларыңызды, жоспарыңызды жүзеге асыруды батыл түрде қолға алыңыз. Бұл күндері сәттілік Сіздің жағыңызда.


Тауешкі

Наруыз айында Сізді үлкен істер күтіп тұр. Оларды атқару үшін ықылас-ынта және физикалық күш қажет. Сондықтан, бос әңгімеге, керексіз кездесулер мен пайдасыз істерге уақыт пен энергияңызды құртпаған абзал. Айдың алғашқы онкүндігі жайлы да тыныш өтеді. Бұл күндері қабылдаған шешімдеріңіз де, жасаған істеріңіз де дұрыс болып шығады. Сонда да, жұлдыздар бәрін алдын-ала жан-жақты ойлану мен тәртіпті болуға кеңес береді.


Оқи отырыңыз:

Қыз-келіншектерге қандай гүл сыйлаған дұрыс?


Суқұйғыш

Бұл айда астрологтар тағдырға көбірек сеніп, көп істі уақыттың еншісіне қалдыруға кеңес береді. Орын алған жағдайлармен алысамын деп тырыссаңыз, көп күшіңізден айрыласыз әрі оның соңы нәтижесіз болуы да мүмкін. Сондықтан, бәрін бір Аллаға тапсырып, мәселелердің өздігінен шешілуін төзіммен күтіңіз. Ай соңында жақыным деп жүрген бір жан сатқындық жасауы ықтимал. Онда да жүрекке жақын қабылдамауға тырысқан жөн. Жай ғана «солай болуы тиіс еді» деп, оны өз өміріңізден шығарсаңыз болғаны.


Балықтар

Жылдың жаңа мезгілінің басталар тұсында Сіздің бойыңызда жаңа өмір бастауға деген құлшыныс оянады. Өмірдің барлық саласына өзгеріс енгізгіңіз келеді. Ендеше, не тұрыс, бастаңыз. Жаңа пайдалы әдеттер мен әрекеттер тізімін жасап, жоспар құрыңыз. Адамдармен қарым-қатынасты жақсарту, өзіңізді тұлғалық дамыту жолында жұмыс жасаңыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ