Секс кезінде көбіне жұптардың ойы негізгі шаруаға емес, басқа жағдайларға бөліне береді. Не істеу керек?
Әйелдер бұл өмірде тек ұл-қыздарының жағдайын жасап, ас-ауқатын дайындаудан бөлек, өмірлік жолдасының көңілін табуға да міндетті. Интимді өмір олар үшін көлеңкеде қалып қоймауы керек. Әсіресе екеуара жақындасу кезінде басында түрлі ойлардың, сан сауалдардың болмағаны дұрыс. Төсек қатынасы кезінде интимді қатынасқа барынша көңіл бөліп, миын босатуы керек. Бұлай болмайынша әйел де, еркек те қалағанындай ләззат ала алмайды.
Ал, әйелдерге бастағы қажетсіз әрі пайдасыз ойлардан қалай арылуға болатынын айтып өткіміз келеді. Мысалы, әйелдерді «Ертең таңғы асқа не дайындасам екен?», «Балаларымның киімін үтіктедім бе?», «Таңертең ұйықтап қалмауым керек» сынды және тағы басқа да сұрақтар маза бермейді. Бірақ олар күйеуімен жақындасу кезінде бұл мазасыздықтан арылып, рахаттануы керек. Олай болу үшін, мына жаттығуларды қайталап көріңіз.
Ең алдымен денеңізді босаңсытып, артық ойлардан арылуға тырысыңыз. Күн сайын 10-15 минут уақытыңызды өзіңізге арнаңыз. Бұл сіздің психикалық жағдайыңызды қалыпқа келтіріп, шаршауыңызды басуға септігін тигізеді. Мысалы, күні бойы қарбалас жұмыстан әбден шаршап, қалжыраған боларсыз. Сонымен қоса әріптестермен арадағы түсініспеушілік те орын алған болуы ғажап емес. Егер осының бәрі бір сәтте жойылғанын қаласаңыз, кешкілік 15 минут йога жаттығуын жасаңыз. Тыныштандыратын жаттығу түрлерін ғаламтордан оп-оңай тауып алуға болады. Осылай мазасызданудың алдын алмасаңыз, созылмалы түріне айналып кету қаупі бар.
Керексіз ойлардан арылуға – денені сілкілеу жақсы көмектеседі. Ол үшін тыныш бөлмеде жалғыз қалып, смартфоныңыздан әуезді әуен қосып, қол-аяқты, басты сілкілеңіз, барынша қозғалтуға тырысыңыз. Есіңізде болсын – қозғалысты үнемі өзгертіп, дененің барлық мүшелеріне әсер етуі керек. Бастысы аталмыш жаттығуды бар ынтаңызбен жасаңыз. Жаттығудан басқа ештеңе ойламай, бар зейініңіз сонда болсын.
Тағы бір нәтижелі тәжірибенің бірі – түрлі жаттығулар жасау. Бұл жаттығу өте пайдалы. Жаттығуды жасау үшін: еденге бір қырыңызбен жатасыз. Сосын екінші қырыңызға ауысып жатып көріңіз. Жаттығу барысында еденге денені жабыстырып ұстаңыз. Бірақ барлығын жай қимылмен, денеге қалай әсер етіп жатқанын сезіп жасау керек. Сонда ғана бұл тәжірибенің әсері болады.
Тыныс алу жаттығулары да жабыққан көңіл-күйді көтеріп, стрестен арылтады. Терең тыныс ала отырып денеге жиналған барлық ауыртпалықты жинап, сосын бірден сыртқа шығарасыз. 10 минуттан кейін-ақ жеңілдікті сезініп, төсекке деген тартылыс күші пайда болады.
Ішпен тыныс алып көріңіз. Қарныңыз қампайып, барынша ісінгенше демді ішке тартып, артынша демді шығарасыз. Бұл жаттығуды шалқаңыздан жатып жасасаңыз ыңғайлырақ болады. Ал, аяқты бүгу керек. Осы жаттығу арқылы қарын мен арқаны босаңсытып, демалдырасыз.
Жалаң аяқ билеңіз. Дененің босаңсуына ең жақсы әсер ететіні де - жалаң аяқ биі. Тез айтылатын әндер мен жай, ырғақты әуендерді кезектестіре отырып билеу керек. Үйдегілер сізді мазаламасын. Осылай жасасаңыз ғана ойдағыдай тыныға аласыз. Жалаң аяқ билеу арқылы сіз күйеуіңіздің көңілін аударуды емес, өз ойыңызды жинақтауды, қажетсіз ойлардан арылуды ойлауыңыз керек. Осы ретте бидің өте жақсы көмектесетініне сеніңіз.
Өмірлік жолдасыңызбен жақындасу барысында «басты рөлде» өзіңіз болыңыз. Көзбен де, тілмен де ләззат алуға тырысыңыз. Мысалы, сүйгеніңізге жылы-жылы сөздер айтып, оның да үндемей қалуына жол бермеңіз. «Осылай жасағаның қатты ұнайды», «Әсіресе мына жерімді қаттырақ уқалашы» деп оның да делебесін қоздырып қойыңыз. Бұл жаттығулардың ішіндегі ең шешушісі екенін ұмытпаңыз. Өзіңізге ұнайтынның бәрін жасатуға әрекет етуіңіз керек. Сонда ғана төсек ләззатына қанығатыныңыз анық.
Дайындаған: Жайна Тынышбек,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
ЕРКЕКТЕРДІ әйелдің қандай ҚЫЛЫҚТАРЫ қоздырады?
Күйеуіңізге деген МАХАББАТЫҢЫЗдың қандай деңгейде екенін ТЕКСЕРІП көріңіз