18 жастағы қазақстандық Грузияда есірткімен ұсталды

0
272

Грузия Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, тергеу барысында олардың аса ірі көлемдегі метадонды заңсыз сақтап, сатуға қатысы бары анықталған.


18 жастағы қазақстандық Грузияда есірткімен ұсталды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Грузияның Имеретия өңірінде есірткіге қатысты күдікпен қазақстандық және украиналық азамат ұсталды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Қазақстан мен Украина азаматтары есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және ірі әрі аса ірі көлемде сату дерегі бойынша күдікке ілінген. Күдіктілер – 2008 жылы туған жігіт пен қыз. Олар әртүрлі уақытта қолға түскен.

Грузия Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, тергеу барысында олардың аса ірі көлемдегі метадонды заңсыз сақтап, сатуға қатысы бары анықталған.

Есірткі заттары күдіктілердің уақытша тұрып жатқан орындарын тінту кезінде табылып, тәркіленген. Сонымен қатар тергеу эксперименті барысында олар метадонды өткізу үшін дайындаған жасырын орындарды көрсеткен.

ҚАНША ЖЫЛҒА СОТТАЛАДЫ?

Полиция өзге де заттай айғақтармен қатар есірткіні өлшеуге және орауға арналған құралдарды да тәркілеген. Сондай-ақ Грузия ІІМ күдіктілерді ұстау сәті түсірілген видеоны жариялаған.

Аталған факті бойынша Грузия Қылмыстық кодексінің 260 және 260 (4) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптар 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.