20 қазанда бүкіл Украинада электр қуатын өшіру жоспарланып жатыр

0
610

20 қазаннан бастап Украинаның барлық аумағында электр энергиясын тұтынуға шектеулер енгізілді.


20 қазанда бүкіл Украинада электр қуатын өшіру жоспарланып жатыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Украина президентінің кеңсе басшысының орынбасары Кирилл Тимошенко мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"20.10.2022, бүкіл Украина бойынша электр энергиясын жеткізуге шектеулер енгізіледі. 7.00-ден 23.00-ге дейін электр энергиясын пайдалануды азайту қажет. Бұл еліміздің барлық облыстарының тұрғындарына қатысты. Егер электр қуатын үнемдемейтін болсақ, оны уақытша өшіруге дайын болу керек",- деді Тимошенко өзінің жеделхат арнасында.

Шенеуніктің айтуынша, ертеңнен бастап Украина қалаларында көше жарығын пайдалану шектеледі.