​АҚШ балалар мен жүкті әйелдерге ұсынылатын екпе тізімінен COVID вакцинасын алып тастады

0
219

Трамп COVID-19 вакцинациясын талап ететін мектептерді қаржыландыруға тыйым салған еді.


​АҚШ балалар мен жүкті әйелдерге ұсынылатын екпе тізімінен COVID вакцинасын алып тастады

Фото: rk-ncph.kz

ERNUR.KZ. АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі Роберт Кеннеди-кіші X әлеуметтік желісіндегі парақшасында елде бұған дейін талқыланған COVID-19 вакциналарына қатысты жаңа шешім туралы мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Кеннеди енді COVID-19 вакцинасы дені сау балалар мен жүкті әйелдерге арналған «ұсынылатын екпелер» тізімінен шығарылатынын хабарлады.

— Бүгіннен бастап COVID вакцинасы АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) дені сау балалар мен дені сау жүкті әйелдерге арналған ұсынылатын екпелер бағдарламасынан алынып тасталды. Өткен жылы Джо Байден әкімшілігі балаларға қайталап бустер екпелерін салудың қажеттілігін растайтын ешқандай клиникалық деректер болмағанына қарамастан, дені сау балаларды қайта егуге үндеген еді, — деді ол.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен денсаулық сақтау министрі бұған дейін сайлауалды науқан барысында COVID-19 вакцинасына қатысты мәлімдемелерімен қоғамда қызу пікірталас тудырған болатын.
Айта кетелік Трамп COVID-19 вакцинациясын талап ететін мектептерді қаржыландыруға тыйым салған еді.