АҚШ-қа қауіп төніп тұр

0
1 472

АҚШ-та алапат дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды


АҚШ-қа  қауіп төніп тұр

ERNUR.KZ. Мэриленд штатының губернаторы Ларри Хоган аймақта төтенше жағдай жариялады деп жазады 24.kz.

Оған дейін Солтүстік және Оңтүстік Каролина мен Виргиния штаттарында да төтенше жағдай жарияланған еді. Жергілікті билік жағажай аумағында орналасқан елді мекендерде тұрғындарды эвакуациялауға бұйрық берді. Қазір шамамен миллионнан астам адам баспаналарын тастауға мәжбүр.

Дүлей дауыл Атлантикада бес балдық шкала бойынша төртінші қауіпті деңгейге дейін жетті. АҚШ-тың Дауылды ескерту ұлттық орталығында «Флоренс» алдағы 5 күнде АҚШ-тың шығыс жағалауына жетіп ойран салуы әбден мүмкін екенін айтады.