АҚШ-та допингке рұқсат етілген алғашқы спорттық жарыс басталды

0
104

​Бағдарламаға жеңіл және ауыр атлетика, жүзу және күшке негізделген спорт түрлері енгізілген.


АҚШ-та допингке рұқсат етілген алғашқы спорттық жарыс басталды

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында «жақсартылған о йындар» (Enhanced Games) деп аталатын жаңа спорттық жоба өтеді. Ерекшелігі – қатысушыларға спортта әдетте тыйым салынған заттарды, соның ішінде синтетикалық тестостерон мен анаболикалық стероидтардың кейбір түрлерін қолдануға ресми түрде рұқсат беріледі, деп жазды baq.kz.

Жарыс 21-24 мамыр аралығында арнайы салынған 2500 орындық стадионда ұйымдастырылады. Бағдарламаға жеңіл және ауыр атлетика, жүзу және күшке негізделген спорт түрлері енгізілген. Жүлде қоры шамамен 500 мың долларды құрайды, ал кейбір рекордтар үшін 1 миллион долларға дейін бонус қарастырылған.

Ұйымдастырушылар бұл жобаны «кәсіби спорттағы жаңа дәуір» деп атап, ғылыми прогресс адамның физикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады деген ұстаным білдірген. Алайда Халықаралық Олимпиада комитеті мұндай бастаманы спорттық қағидаттарға қайшы әрі қауіпті тәжірибе ретінде сынға алды.

Жобаның негізін австралиялық кәсіпкер әрі заңгер Арон Д’Соуза қалаған. Қаржыландыруға инвесторлар қатарында технологиялық саладағы танымал тұлғалар мен Сауд Арабиясынан тартылған капитал бар.

Алғашқы жарысқа шамамен 50 спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында АҚШ, Еуропа және Ресейден келген атлеттер де бар.