Үй жануарларын күту үшін ақылы демалыс беру туралы жаңа заң жобасын қалалық кеңес мүшесі Шон Абреу ұсынған.
Фото: pixabay
Үй жануарларын күту үшін ақылы демалыс беру туралы жаңа заң жобасын қалалық кеңес мүшесі Шон Абреу ұсынған. Бұл бастама ит-мысық асырайтындар үшін аса маңызды дейді депутат.
"Бұл заң жобасы үй жануарларын күтуге мүмкіндік беру арқылы олардың иелерінің де денсаулығына оң әсер етеді. Үй жануарларымен уақыт өткізу – стресс пен мазасыздықты азайтады, ал итпен серуендеу физикалық белсенділікті арттырады."Шон Абреу, Нью-Йорк қалалық кеңес мүшесі.
Америкалықтардың көбі ит пен мысықты ерекше жақсы көреді. Ресми мәлімет бойынша, АҚШ-тағы отбасылардың шамамен 68%-да үй жануары бар. Cондықтан олардың күтімі үшін жұмысшыларға жалақысы сақталатын демалыс берудің экономикалық салдары болуы мүмкін деп бастаманы қолдамай жатқандар да бар.
Осыған ұқсас заң бұған дейін Калифорнияның Эмервилл қаласында қабылданған. Ол жерде жұмысшыларға өздерінің қызметтік жануарларына күтім жасау үшін ақылы демалыс алуға рүқсат берілді. Енді Нью-Йорк бекітсе, ит пен мысығы үшін жұмыстан заңды сұрануға құқық беретін АҚШ-тағы алғашқы мегаполис болмақ.