Америкалықтар жаппай қытайлық желіге көшіп жатыр

0
118

АҚШ Жоғарғы соты 19 қаңтарға дейін TikTok-ты қытайлық ByteDance компаниясынан ажыратуды міндеттейтін заң бойынша шешім қабылдауы керек.


Америкалықтар жаппай қытайлық желіге көшіп жатыр

ERNUR.KZ. АҚШ азаматтары жаппай Xiaohongshu атты қытайлық әлеуметтік желіге көшіп жатыр, деп жазады baq.kz.

Өзін "TikTok-тан көшіп келгендер" деп атайтын кейбір қолданушылар қытайлық қосымшаны балама санайды. Өйткені АҚШ-та TikTok-қа тыйым салынуы мүмкін.

АҚШ Жоғарғы соты 19 қаңтарға дейін TikTok-ты қытайлық ByteDance компаниясынан ажыратуды міндеттейтін заң бойынша шешім қабылдауы керек. Егер бұл талап орындалмаса, ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша қосымшаға АҚШ-та тыйым салынуы мүмкін.

Судьялар заңды күшінде қалдыруға бейім деген болжамнан кейін, көптеген TikTok қолданушылары Xiaohongshu-да аккаунт аша бастады. Олар жазбаларында #tiktokrefugee және #tiktok хэштегтерін қолдануда.