Антарктидада белгісіз арал табылды

0
119

Қазіргі уақытта аралға атау беру жоспарлануда.


Антарктидада белгісіз арал табылды

Фото: Аrmenpress

ERNUR.KZ. Антарктикадағы Уэдделл теңізінде экспедиция жүргізіп жатқан немістің Polarstern мұзжарғыш кемесінің бортындағы халықаралық зерттеушілер тобы белгісіз аралды анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Альфред Вегенер атындағы Полярлық және теңіз зерттеулері институты (AWI) мәлімдеді.

Институттың хабарлауынша, 2026 жылы 8 ақпаннан бері 93 адамнан құралған халықаралық экспедиция Антарктиканың Уэдделл теңізінің солтүстік-батыс бөлігін зерттеп келеді. Осы кезде ғалымдар мен кеме экипажы теңіз карталарында бұған дейін тек қауіпті аймақ ретінде ғана белгіленген жерден аралдың кенеттен пайда болғанына таң қалған.

Жартасты аралды зерттеу барысында оның ұзындығы шамамен 130 метр, ені 50 метр, ал биіктігі 16 метрге жуық екені анықталған. Ғалымдардың айтуынша, бұған дейін арал спутниктік суреттерде мұз жамылғысына байланысты айсбергпен шатастырылып, назардан тыс қалған болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аралға атау беру жоспарлануда.