Әзербайжанда COVID-19-ға байланысты карантин 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды

0
131

Ерекше карантиндік режим мерзімі 2025 жылғы 1 сәуір сағат 06:00-ге дейін ұзартылды.


Әзербайжанда COVID-19-ға байланысты карантин 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды
Фото: Pixabay
ERNUR.KZ. Әзербайжан Министрлер кабинеті елде коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында арнайы карантин режимін ұзарту туралы қаулы қабылдады, деп жазады inform.kz.

Министрлер Кабинетінің 2020 жылғы 28 ақпандағы қаулысымен бекітілген Әзербайжан Республикасының «санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық туралы» Заңының 25-бабына және «жұқпалы, паразиттік және жаппай жұқпалы емес аурулардың пайда болу немесе таралу қаупі туындаған кезде карантиндік ұйымдастырушылық, профилактикалық және өзге де қажетті іс-шараларды жүзеге асыру тәртібіне» сәйкес Премьер-Министр Әли Асадов қаулыға қол қойды.

Ел аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын және ықтимал зардаптардың алдын алу мақсатында Әзербайжан Республикасының аумағында ерекше карантиндік режим мерзімі 2025 жылғы 1 сәуір сағат 06:00-ге дейін ұзартылды.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Парламент аясында Қазақстанда жақын арада коронавирус инфекциясының жаңа толқыны өрши ме деген сұраққа жауап берген болатын. Ол сондай-ақ жағдайдың күрделенбейтінін айтты.