Байден коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырды

0
518

Ақ үй басшысы үндеуінде Pfizer вакцинасымен толық вакцинациядан өткен америкалықтардың көпшілігі алты айдан кейін, қайта вакцина алуы мүмкін екенін айтты.


Байден коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырды

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырды, деп жазады Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысына вакцина салу сәті америкалық көшбасшының Twitter парақшасында жүргізілді.

"Мен 65 жастан асқан адаммын, сондықтан маған бүгін үдеткіш вакцина салынды. Вакцинаны уақытында алу маңызды. Ең бастысы көп адам вакцина алуын қамтамасыз етуіміз керек", - деді Байден, АҚШ халқының шамамен 23 пайызы вакцина алмағынын ескеріп.

Ақ үй басшысы үндеуінде Pfizer вакцинасымен толық вакцинациядан өткен америкалықтардың көпшілігі алты айдан кейін, қайта вакцина алуы мүмкін екенін айтты.