Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны артып барады

0
278


Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны артып барады

Фото: x.com/ BKK_community

ERNUR.KZ. Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 17 адамға жетті, 32 адам жараланды, 83 адам із-түзсіз жоғалды, деп жазады kaz.inform.kz.


Еске сала кетейік, 28 наурыз күні Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркеліп, Қытайдың Юньнань провинциясындағы Баошань, Сишуанбаньна-Дай автономиялық облысы, Пуэр және Куньмин қалаларының тұрғындары да күшті жер сілкінісін анық сезінген еді.

Сондай-ақ, сілкініс дүмпуі Таиланд астанасы Бангкок пен Лаос астанасы Вьентьянда да анық байқалғаны хабарланды.