Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты

0
124

Зардап шеккендер де бар.


Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты

Фото: бейнежазбадан

ERNUR.KZ. 1 қарашада Астана – Петропавл тасжолында үш адамның өмірін қиған жаппай жол апаты болды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан екі адам оқиға орнында, тағы біреуі кейін ауруханада көз жұмған. Зардап шеккендер де бар.

"Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр", – деп мәлімдеді полиция.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Ақкөлден Щучинскіге дейінгі тасжол учаскесінде көлік қозғалысы әзірге жабық.

"Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдық таңдауға шақырамыз. Арақашықтықты сақтап, көлік тізгінінде барынша мұқият болыңыздар", – деп ескертті полиция департаменті.