Алматыдағы «Арбатта» хэллоуин тойлаған бір топ бозбаланы полиция ұстап әкетті (ВИДЕО)

0
140

​Олардың полиция көлігіне отырып жатқан сәтінің видеосы жарияланды.


Алматыдағы «Арбатта» хэллоуин тойлаған бір топ бозбаланы полиция ұстап әкетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматыда хэллоуин тойлаған жастарды полиция ұстап әкеткені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әлеуметтік желіде бір топ жастың полиция көлігіне отырып жатқан сәтінен видео жарияланды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, Алмалы ауданында қоғамдық тәртіптің сақталуына және тұрғындардың қауіпсіздігіне арналған профилактикалық іс-шара өткен.

«Полиция мұндай мерекелік іс-шараларға, тұрғындардың жаппай демалыс өткізуіне қарсылық танытпайды. Ішкі істер органдарының басты міндеті – қоғамдық кеңістіктегі тұрғындардың қауіпсіздігі, тәртіптің бұзылуына жол бермеу. Рейдтік іс-шаралар барысында полиция жасөспірімдердің іс-шарасына ерекше назар аударды. «Арбат» жаяу жүргіншілер жолында түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген 28 бозбала анықталды. Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік материалдар жиналды», – делінген қалалық Полиция департаментінің ресми түсініктемесінде.

Айта кетерлігі, заң бойынша жасөспірімдер сағат 23:00-06:00 аралығында ересектердің қарауынсыз көшеде жалғыз жүруіне тыйым салынған.

«Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершігіміз. Профилактикалық жұмыс ең алдымен олардың қауіпсіздігі мен қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігіне арналған», – дейді Полиция департаменті.