Белгородқа жасалған шабуылдан кейін үйінді астынан 15 адамның денесі табылды

0
427

17 адам құтқарылды, үйіндіні аршу жұмыстары аяқталды.


Белгородқа жасалған шабуылдан кейін үйінді астынан 15 адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Ресейдің Белгород қаласында құтқарушылар қираған тұрғын үйдің астынан тағы бір адамның мәйітін шығарды, қаза болғандардың саны 15-ке жетті, деп жазады sputnik.kz.

"Белгородта үйінді астында қалған он бесінші тұрғынның денесі шығарылды", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 17 адам құтқарылды, деп хабарлады елдің Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жексенбі күні Белгород губернаторы Вячеслав Гладков Украина қарулы күштері Белгородты жаппай атқылағанын, соның салдарынан он қабатты ғимараттың бір кіреберісі опырылып құлағанын хабарлады.

Ресейдің Тергеу комитеті лаңкестік әрекет бойынша қылмыстық іс қозғағаны хабарланды.