Билл Гейтс коронавирустың "ең жаман" штамы шығуы мүмкін екенін айтты

0
675

Ол ел басшыларын денсаулық дағдарысын "назарда ұстауға" және болашақта пандемияның алдын алу үшін инвестицияны көбейтуге шақырды.


Билл Гейтс коронавирустың

ERNUR.KZ. Microsoft негізін қалаушы, кәсіпкер және филантроп Билл Гейтс коронавирустың "ең жаман" штамы әлі де шығуы мүмкін екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Financial Times газетіне берген сұхбатында Билл Гейтс дүние жүзі COVID-19-дың өте жұқпалы және өлімге әкелетін нұсқасына тап болу қаупі әлі де бар екенін мәлімдеді.

"Бұл екіталай. Оның орындалуы бес пайыздан ғана асады. Мен жаман болжам жасағым келмейді, бірақ пандемия кезінде біз оның ең жаман көрінісін әлі көрмеген болуымыз мүмкін", - деді ол.

Гейтстің пікірінше, халықаралық топ құру қажет, оның міндеті жаһандық денсаулыққа төнетін қатерлерді жылдам анықтау және осы салада мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту болады.

Ол ел басшыларын денсаулық дағдарысын "назарда ұстауға" және болашақта пандемияның алдын алу үшін инвестицияны көбейтуге шақырды.