​Биыл Өзбекстан мектептерінде "соңғы қоңырау" болмайды

0
1 926

25 мамыр күні Республикадағы барлық жалпы мектептерде "Әлемдегі ең үлкен байлық - жастық шақта алған білім және өнер мен кәсіп" деген ұранмен оқу жылының аяқталуына байланысты жиындар өтеді


​Биыл Өзбекстан мектептерінде

фото:иллюстрациялық

2018 жылы Өзбекстан мектептерінде "соңғы қоңырау" жиындары болмайды. 25 мамыр күні Республикадағы барлық жалпы мектептерде "Әлемдегі ең үлкен байлық - жастық шақта алған білім және өнер мен кәсіп" деген ұранмен оқу жылының аяқталуына байланысты жиындар өтеді, деп хабарлайды, ERNUR.KZ .

Ағымдағы жылы Өзбекстанда 9628 жалпы мектепте 475 276 оқушы 9 - сыныпты бітретін болса, 11 жылдық білім тізімінің 10 - сыныпы және академиялық лицейлердің бірінші айналымының түлектерін қамтиды. Жиындар 25 мамыр күні мемлекеттің барлық мектептерінде таңғы 08:30 дан басталып сағат 10:00 де аяқталатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың жазында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 11 жылдық білімді қайтаруды ұсынған болатын. Кейін жылдам 10 - сыныптар ашылып балалар оқи бастады. Нәтижесінде, бұл жылы мектеп бітіруші түлектер жоқ.