Басқосуда Таулы Қарабақтағы жағдайды реттеуге байланысты сұрақтар талқыланды.
ERNUR.KZ. Брюссельде Армения мен Әзербайжан басшылары және Еуропалық Кеңес төрағасының қатысуымен үшжақты келіссөз өтті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Басқосуда шекара қауіпсіздігі, оны белгілеу бойынша арнайы коммисия құру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сонымен қатар тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға қатысты келіссөздерге дайындық мәселесі мен Таулы Қарабақтағы жағдайды реттеуге байланысты сұрақтарды талқылады. Мемлекеттер енді келесі кездесу осы жазда өтеді деп жоспарланып отыр.