The Guardian мәліметінше, бұл бас сүйек XIII ғасырда өмір сүрген әулие Здислава Лемберкскаяға тиесілі болуы мүмкін.
The Guardian мәліметінше, бұл бас сүйек XIII ғасырда өмір сүрген әулие Здислава Лемберкскаяға тиесілі болуы мүмкін. Ол кедейлерге көмектескен, мейірімділігімен танылған, бірақ тәртіпті қатаң ұстанған тұлға ретінде белгілі. 1995 жылы оны Рим Папасы Иоанн Павел II әулиелер қатарына қосқан.
Прага архиепископы Станислав Прибыл бұл оқиғаға таңданысын білдірді:
"Бас сүйек қажылар үшін ерекше қадірлі жәдігер еді. Біреу оны тал түсте шіркеуден ұрлап кеткеніне сене алмаймын. Бұл жәдігердің құндылығы ең алдымен тарихи әрі рухани мәнге ие", – деді ол.
Полиция бақылау камерасынан түсірілген анық емес бейнежазбаны жариялаған. Онда қара киімді адамның шіркеу ішіндегі орындықтардың арасымен бас сүйекті алып бара жатқаны көрінеді. Алғашында күдікті ер адам деп болжанғанымен, кейін құқық қорғау органдары оның жынысын нақты айта алмай отырғанын және тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.


