COVID-19: Британия үкіметі сынға ұшырады

0
622

Соңғы бір тәулікте жұқпалы вирустан 900 адам көз жұмып, қайтыс болғандардың саны 15 мыңнан асты.


COVID-19: Британия үкіметі сынға ұшырады

ERNUR.KZ. Британия үкіметі коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеп жатқан дәрігерлерге қорғаныш киімдерін қайта қолдануды ұсынып, сынға ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік ауруханаларға осындай нұсқау жолдаған. Ал корольдікте індеттің таралуы енді күшейген. Мысалы, соңғы бір тәулікте жұқпалы вирустан 900 адам көз жұмып, қайтыс болғандардың саны 15 мыңнан асты. Дертті жұқтырғандар 155 мыңға жетті. Ідеттің таралуын тежеу үшін тұрғындар арасында жаппай тест жүргізіліп жатыр.