"Денсаулыққа қауіпті": Дәрігерлер коронавирус кезінде қандай дәрілерді қолдануға болмайтынын айтты

0
1 611

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы өкілдері де емнің осы түріне қатысты ойларын айтты.


ERNUR.KZ. Дәрігерлер COVID-19 кезінде антибиотиктермен емдеу тиімсіз әрі қауіпті дегенді алға тартады, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Медицина қызметкерлерінің пікірінше, антибиотиктер бактериялар мен зең кезінде қолданылады. Ал вируспен, соның ішінде коронавируспен күресте олардың пайдасы жоқ. Қайта өз-өзіңді емдеу кезінде антибиотиктерді қолдану денсаулыққа қауіпті.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы өкілдері де емнің осы түріне қатысты ойларын айтты. Мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға антибиотиктер берілмейтінін алға тартуда. Оларды дерттің алдын алу үшін де ішудің қажеті жоқ.

Дәрігерлер иммунитет тым әлсіреп қалса ғана антибиотиктер пайдалануға болады деп отыр.

"Лимон қосылған су іштім": 60 жастағы дәрігер коронавирустан қалай айыққанын айтты (видео)