Әсіресе Ыстамбұл қаласын сақтап қалу көзделеді.
Фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі сейсмикалық қауіпке назар аударып, жер сілкінісіне дайындықты күшейтуді тапсырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Соңғы күндері Грекия жағалауында болған жер сілкіністері біздің дайындық жұмыстарымыздың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Жергілікті билік саяси мүддені емес, қалаларды сейсмикалық қауіпке бейімдеу мәселесін басты орынға қоюы керек», – деді Түркия президенті үкімет отырысынан кейін халыққа жолдауында.
Ол Ыстамбұлды ерекше атап өтіп, қалаларды жер сілкінісіне төзімді ету – жалғыз жол екенін жеткізді.