Бұл туралы Арменияның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Арменияда үш адам ауруханаға жатқызылды. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, біреуі 17 қарашада Ереван мемлекеттік университеті (ЕМУ) ғимаратының бірінде болған жарылыстан қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.
"Үш құрбан ауруханаға жатқызылды. Оларға қажетті медициналық жәрдем көрсетілді. Алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылыс нәтижесінде қайтыс болған адам бар", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жәбірленуші университеттің көгалдандыру қызметінің қызметкері, ал жараланғандардың қатарында патрульдік қызметтің қызметкері болған.
Олардың айтуынша, төтенше жағдай химия, география және информатика факультеттері орналасқан ЕМУ-нің ғимаратында болған.