​Ерлерден әйелдер көп: Қырғызстанда халық саны артты

0
96

Ауылдық жерде 4 277,9 мың адам тұрады, ал қаладағы халық саны 3 135,7 мың адамға жуықтайды.


​Ерлерден әйелдер көп: Қырғызстанда халық саны артты

Фото: Кабар

ERNUR.KZ. Қырғыз Республикасының халқы 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 7 413,6 мың адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика комитеті хабарлады, деп жазады inform.kz.

Жалпы халық санының ішінде ерлер 3 668,6 мың адамды, әйелдер — 3 745,0 мың адамды құрайды.

Ауылдық жерде 4 277,9 мың адам тұрады, ал қаладағы халық саны 3 135,7 мың адамға жуықтайды.
Өңірлер бойынша:
Ош облысы — 1 440,2
Жалал-Абад облысы — 1 381,8
Бішкек — 1 360,7
Чүй облысы — 984,6
Баткен облысы — 606,3
Ыстықкөл облысы — 554,7
Ош — 485,7
Нарын облысы — 316,5
Талас облысы — 283,1
Еске салсақ, Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтарда республика халқының саны 7 млн 282 мың адам болған.