Еуропада алғашқы ел COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандарды кіргізбейтін болды

0
416

Ал балалар елге коронавирус инфекциясына ПТР-тестінің теріс нәтижесімен келуі тиіс.


Еуропада алғашқы ел COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандарды кіргізбейтін болды

ERNUR.KZ. Еуропадағы алғашқы ел COVID-19-ға қарсы вакцинациясыз келгендерді шекарадан өткізбеуді шешті, деп жазады Tengrinews.kz.

Мальта билігі 14 шілде, сәрсенбіден бастап елге кіретін барлық адамнан вакцинация сертификатын талап етеді. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Крис Ферн мәлімдеді.

Министр аралға келген кез келген адам Мальтада немесе Ұлыбританияда ЕО-да берілген "вакцинация сертификатын" көрсетуі керегін мәлімдеді.

"Біз Еуропада осындай қадамға барған алғашқы ел боламыз", - деді Ферн.

Ал балалар елге коронавирус инфекциясына ПТР-тестінің теріс нәтижесімен келуі тиіс.

Сонымен қатар, 14 шілдеден бастап елде ағылшын тілі мектептері жабылады. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, COVID-19 жағдайлары бүкіл ел бойынша осындай тоғыз мектепте анықталған.