Эвересттегі сенбілік: 4 адамның мәйіті, қаңқа мен 11 тонна қоқыс шығарылды

0
321

2019 жылдан бастап Непал армиясы тауларда бес рет тазалық жұмыстарын жүргізген.


Эвересттегі сенбілік: 4 адамның мәйіті, қаңқа мен 11 тонна қоқыс шығарылды

ERNUR.KZ. Гималай тауларында сенбілік өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Нәтижесінде төрт адамның мүрдесі, бір қаңқа мен 11 тонна қоқыс шыққан.

2019 жылдан бастап Непал армиясы тауларда бес рет тазалық жұмыстарын жүргізген. Осы уақыт аралығында 119 тонна қоқыс, 14 мәйіт пен бірнеше қаңқа жиналған. Сарапшылардың пікірінше, Эверестте әлі 200-ден астам мәйіт пен 50 тонна қоқыс қалды.

Биыл билік альпинистерді іздеу мен қоқыс мөлшерін жақсартуға тағы да тырысты. Олар туристерге бақылау құрылғыларын алып, қоқыстарын жоғарыдан алып кетуге міндеттеді. Непалдың туризм департаментінің альпинизм жөніндегі директоры Ракеш Гурунг үкімет бұл мәселелермен күресу үшін бақылаушылар тобын құруды жоспарлап отырғанын айтты.

Мамыр айында аяқталған көктемгі альпинизм маусымында үкімет шыңға шықпақ болғандардың 421-не рұқсат берген. The Daily Star деректеріне сай биыл Эверестке 600 адам көтерілген. Оның сегізі қаза тауып кейбірі із-түссіз жоғалған.

2024 жылдың мамырында Непалдың Жоғарғы соты ел үкіметіне Эверестті бағындыруға берілген лицензиялардың санын шектеуге міндеттеді.