Ғалымдар: Коронавирус емдеу әдісіне байланысты мутацияға ұшырайды

0
2 592

Мамандар вирустың адам денесінде қалай өзгергенін қадағалады.


Ғалымдар: Коронавирус емдеу әдісіне байланысты мутацияға ұшырайды

ERNUR.KZ. Коронавирус пациенттерді қан плазмасынан емдегеннен кейін мутацияға ұшырайды. Британдық ғалымдар осындай тұжырымға келді, деп жазады Stan.kz.

Дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан науқасты 102 күн бойы коронавирустан емдеді. Мамандар вирустың адам денесінде қалай өзгергенін қадағалады. Бастапқыда науқасқа Ремдесивир препараты берілді, оны қабылдағаннан кейін мутация анықталмады.

Бірақ қан плазмасымен емдеуден кейін вирус елеулі өзгерістерге ұшырады, оның ішінде негізгі ақуыз - ол жасушаларды жұқтыру үшін қолданады.

Сонымен қатар иммундық жүйесі әлсіреген және созылмалы инфекциясы бар науқастарда мутация пайда болуы мүмкін екендігі атап өтілген.