Оның ошағы жер бетінен 15 шақырым тереңдікте орналасқан.
Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
ERNUR.KZ. Грекия мен Түркия шекарасына жақын орналасқан Драма қаласында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады zakon.kz.
Түркияның Төтенше жағдайлармен күрес басқармасының мәліметінше, жер асты дүмпулері елдің кейбір аймақтарында да сезілген.
Жер сілкінісі 5 қараша күні, сағат 12:16-да (Қазақстан уақытымен) тіркелді. Оның ошағы жер бетінен 15 шақырым тереңдікте орналасқан.
Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.


