Италия 4 мамырдан бастап карантин режимін жеңілдетпек

0
829

Соңғы мәліметтер бойынша, Италия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында тұр.


Италия 4 мамырдан бастап карантин режимін жеңілдетпек

ERNUR.KZ. Сейсенбі күні Италияның Премьер-Министрі Джузеппе Конте Үкіметтің карантин режимін айтарлықтай жеңілдету жөніндегі жоспар бойынша жұмыс істеп жатқандығын мәлім етті. Оған сәйкес, шектеу шаралары 4 мамырдан аяқталады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Осы аптаның соңына дейін мен бұл жоспардан сіздерді хабардар етіп, нақты құрылған бағдарламаны бүге-шігесіне дейін таныстыра алам деген ойдамын»,-деп хабарлады Конте өзінің Facebook-парақшасында.

Премьер-Министрің пікірінше, ел азаматтарының басым көпшілігі карантиннен шаршады және олар шектеу шараларының қысқартылғанын, тіпті мүлдем алынып тасталғанын қалайды.

«Ол үшін бөлшек сауда компаниялары мен мекемелері тезірек жұмысын бастауы керек. Менің де «бәрін бірде ашайық» деп айтқым келеді. Бірден. Бірақ бұл жауапсыздық болар еді. Бұның соңғы вирустың өршуіне әкеліп соғатын еді. Сөйтіп, ол осы уақытқа дейін істеген істеріміздің тиімділігін нәтижесін жоққы шығарар еді», - деп атап өтті Премьер-министр.

«Сонымен қатар Конте аймақтық ерекшеліктері ескеріле отырып, ұлттық жоспар жасалатынын айтты».

Оның айтуынша, қарбалас кезінде халықты қозғалысты шектеуге шақырып, тіпті «балама транспорт түріне басымдық берілуі керек».

Еске сала кетсек, мемлекет билігі наурыздың басында карантин енгізді. Шектеу шаралары 4 сәуірде алынады деп жоспарланған болатын, алайда, карантин шаралары әлі де жалғасуда.

Соңғы мәліметтер бойынша, Италия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. Елде КВИ жұқтырған 181 22 адам тіркелді, олардың 24 144-і қайтыс болып, 48 877 азамат емделіп шықты.

ANSA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Италияда COVID-19 коронавирусының қауіпті штаммын жұқтырған 141 дәрігер өмірден өткен.