Италияда жекеменшік ұшақ үйге соғылып, сегіз адам қаза тапты

0
579

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қаза тапқандардың ішінде бала да бар.


Италияда жекеменшік ұшақ үйге соғылып, сегіз адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Милада жекеменшік ұшақ әуежайдан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай кеңсе ғимаратына соғылған. Борттағы сегіз адамның барлығы қаза тапқан. Ғимарат бос болған, жерде ешкім зардап шекпеген, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұшақ Миланның Линате әуежайынан ұшып шыққан және Сардиния аралына бет алуы керек еді, бірақ Миланның шетінде құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ үйге құлап, жарылған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қаза тапқандардың ішінде бала да бар.

«Ұшақ қозғалтқыштарын өшіргендей дыбыс естідім. Содан кейін өте қатты жарылыс болды. Әйнектеріміз дірілдеді. Мен терезені ашып, будақтаған түтіннің көтеріліп жатқанын көрдім», - деді Рейтер агенттігіне жергілікті тұрғын Джузеппе.

Rai TV телеарнасы хабарлағандай, ұшақ бортында француздар болған, бірақ бұл ақпарат ресми түрде әзірге расталған жоқ.

Апат Миланның оңтүстік-шығысындағы Сан-Донато Миланезе метро станциясына жақын маңда болған.

Ғимараттағы өрт көп ұзамай сөндірілді.