Италияның мемлекеттік қарызы рекордты жоғары деңгейге жетті

0
857

Банктің мәліметінше, қарыз 2,766 трлн еуро (2,812 трлн АҚШ доллары) болды, бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш.


Италияның мемлекеттік қарызы рекордты жоғары деңгейге жетті

ERNUR.KZ. Сейсенбі күні Италия банкі еуро бағамының әлсіреуі мен бағаның қымбаттауы қысымынан елдің мемлекеттік қарызы жыл ортасында рекордты жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Банктің мәліметінше, қарыз 2,766 трлн еуро (2,812 трлн АҚШ доллары) болды, бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш. Жалпы сома жыл басындағы 2,714 трлн еуродан (2,759 трлн доллар) 1,9 пайызға көп.

Еуроның әлсіреуі қарыз деңгейінің өсуіне ықпал еткен факторлардың бірі болды. Себебі Италия қарызының дені еуропалық валютада. Банк есебінде көрсетілгендей, доллар мен еуроның құны теңесуге жақын. Бұл ретте, шілде айында доллар еуродан бірнеше есе жоғары бағада сатылды.

Италияның қаржы жағдайына көмектесетін басты факторлардың бірі – туризмді жаңғырту. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы жылы түсімдер 80 пайызға дерлік артты.