Корея халқы бұл балықтарды тағам ретінде пайдаланатын көрінеді.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Калифорния жағажайында эхуирид классына жататын теңіз құрттары қаптап кетті, деп жазады Stan.kz.
Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларын шулатып жіберді. Эхиуридтар балықтарға емес, құрттарға жатқызылады екен. Ал бұл құрттардың формасы ер адамдардың жыныстық мүшесіне ұқсайтындықтан кейде оны мүше-балық деп те атайтын көрінеді.
Негізінен теңіз құрттары құмның астында мекен етеді. Дегенмен Дрейкс-Бич жағажайында жақында қатты дауыл болған, сол себепті құрттар құм бетіне шығыпты.
"Келесі жолы жағажайға барған кезде сіздің айналаңызда бірнеше мың шұжық жатыр деп есептеңіз", - деп жазыпты желі қолданушыларының бірі.
"Иә, теңіз құртының түрі сұрақ туындатаны сөзсіз. Мүмкін сол себепті бұл құрттар жер астында өмір сүретін шығар", - депті биолог Иван Парр әлеуметтік желі парақшасында.
Ғалымдардың айтуынша, бұл құрттар Жер бетінде 300 миллион жыл бұрын пайда болып, содан бері өмір сүріп келеді. Құрттардың өмір ұзақтығы 25 жыл құрайды.
Калифорниялық мүше-балықтың туыстас түрлері Азияда мекендейді екен. Корея халқы бұл құрттарды тағам ретінде пайдаланатын көрінеді