Қалыңдығының "пластикалық отаға дейінгі" суретін көрген жігіт үйленуден бас тартты

0
116

Күйеу жігіт сүйіктісінің бұрынғы келбетін көрген соң оған деген сезімі суып, болашақ балаларының генетикасына күмән келтіріп, үйленуден бас тартқанын айтқан.


Қалыңдығының

ERNUR.KZ. Күйеу жігіт қалыңдығының "пластикалық отаға дейінгі" суретін көрген соң үйленуден бас тартты, деп жазады baq.kz.

Дағыстанда ер адам қалыңдығының пластикалық операциялар мен косметикалық процедураларға дейінгі фотосуреттерін көргеннен кейін құдалықты бұзған.

Күйеу жігіт сүйіктісінің бұрынғы келбетін көрген соң оған деген сезімі суып, болашақ балаларының генетикасына күмән келтіріп, үйленуден бас тартқанын айтқан.

Басылым мәліметінше, Нариман мен Патимат есімді жұп танысқан соң араларындағы қарым-қатынас тез арада романға ұласқан. Көп ұзамай Нариман үйленуге ұсыныс жасаған. Бастапқыда-ақ ол Патиматтың косметикалық процедураларға қызығушылығын жасырмайтынын білген. Қыз мұрын пластикасын (ринопластика), бөксе липофилингі мен ерін мен бет сүйектеріне филлер жасатқан. Алайда үйлену тойының алдында Нариман сүйіктісінің барлық өзгерістерге дейінгі архивтегі суреттерін көргісі келген.

БАҚ мәліметінше, Солтүстік Кавказ республикаларында ер азаматтар болашақ жарларынан пластикалық операциялар жасатпастан бұрынғы келбетін көрсетуін жиі сұрайтын болған. Бұл тек эстетикалық талғамға ғана емес, болашақ ұрпақтың сырт келбетіне алаңдаушылықпен де байланысты.

Ал әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды. Бірі күйеу жігітті беткі келбетке көп мән бергені үшін сынаса, енді біреулері оны отбасылық өмір мен ұрпақ мәселесінде адал шешім қабылдады деп қолдайды.