Қазақстандық хакер АҚШ-та 20 жылға сотталуы мүмкін

0
789

Іс 2018 жылы қозғалған.


Қазақстандық хакер АҚШ-та 20 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. АҚШ-та Қазақстан азаматы Андрей Турчинге интернет арқылы ақша жымқырды деген айып тағылды, деп жазады Тengrinews.kz.


Іс 2018 жылы қозғалған. Әдетте АҚШ Әділет министрлігі басқа елдегі күдіктілерді де ұстау үшін мұндай істі құпия ұстайды.

"Бүгін Вашингтон штатының Батыс округі бойынша кінә тағу туралы шешім шықты. Онда fxmsp деген есіммен танымал, Қазақстанның 37 жастағы азаматы Андрей Турчинге ақша жымқыру үшін құрылған киберқылмыс тобының жұмысына қатысы бар деген айып тағылды. Топ дүние жүзі бойынша білім мекемелері, билік өкілдері және көптеген компанияның компьютерлік желісін бұзған", - делінген әділет министрлігінің хабарламасында.

Турчинге кибералаяқтық бабының бес тармағы бойынша айып тағылды және енді ол 20 жылға қамалуы мүмкін.