Хан Тәңірі шыңын бағындырмақ болған туристер ажал құшты

0
361

Төтенше жағдай альпинистер бес мың метр биіктікке көтерілгенде болған.


Хан Тәңірі шыңын бағындырмақ болған туристер ажал құшты

ERNUR.KZ. Хан Тәңірі шыңын бағындырмақ болған алматылық және мәскеулік туристер ажал құшты, деп жазады inbusiness.kz.

Туристер таудың Қырғызстан жақ бетінде қар көшкінінің астында қалып қойған. Төтенше жағдай альпинистер бес мың метр биіктікке көтерілгенде болыпты.

Төрт адамнан құралған альпинистер тобын көшкін таңғы уақытта басып қалған. Абырой болғанда, үшеуінің басы қар арасындағы ойықтан шығып қалады. Олар сол жердегі ауамен тыныстап, өз бетінше шығуға тырысқан. Алайда ол мүмкін болмаған.

Бір өлімнен аман қалған экспедиция мүшелерін мұз құрсап, жағдайдың ушыға түскенін айтады. Денелері сіресіп, тынысы тарыла бастаған. Сөйтіп қолындағы рациямен биігіректе кетіп бара жатқан топқа хабар беріп үлгерген. Қарға батқан жерін суреттеп айтып, әріптестері лезде іздеуге кіріседі. Туристер үш метр көшкіннің астында 40 минуттан астам уақыт өткізген. Ал қаза тапқан альпинист ойықтан басын шығарып үлгермеген.

Үш турист құтқарылған соң, тауда тағы да көшкін жүріп, одан ешкім зардап шекпепті. Экстремалды спорт түрімен айналысамын деп қаза тапқан ресейлік туристің мәйітін іздей бастайды.