Құрбан болғандар бар.
ERNUR.KZ. Ресей зымырандарының сынықтары Киевтің оңтүстік бөлігінде, Дарницкий мен Голосеев аудандарына құлаған, деп жазады inform.kz.
«Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат нақтыланып жатыр», - делінген хабарламада.
Киевтің азаматтық мэрі Виталий Кличок өзінің телеграм арнасында Голосеев ауданында зымыран сынығы тұрғын үйдің шатырын қиратқанын, онда жедел қызмет бара жатқанын хабарлады. Кейінірек Дарницкий ауданында зымыран сынығы құлау салдарынан құрылысы аяқталмаған үйден өрт шыққанын жазды.
- Дәрігерлердің хабарлауынша, Дарницкий ауданында бір адам жарақат алған, оған сол жерде медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - деп жазды Кличко.
Сәл ертерек украиналық мониторингтік және жаңалықтар телеграм арналары Киевте жарылыс дауыстары естілгенін хабарлады. Ал бұған дейін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат бес кезінде Киев пен облыста зымыран соққысының қаупі туралы әуе дабылы соғылған.