​Колледж оқушысы мұғалімнен жүкті болып қалған

0
2 420

Қыздарды гинеколог тексеруден өткізіп жатыр. Олардың 80%-ы сексуалды зорлық құрбаны болып шығуы мүмкін.


​Колледж оқушысы мұғалімнен жүкті болып қалған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Қоқанд колледжіндегі бірнеше қызметкер оқушыларға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілініп отыр, деп жазады ca-news.org.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, тексеруден соң колледжде білім алып жүрген қыздардың бірі жүкті болып шыққан. Колледжде денсаулығында кінәраты бар оқушылар білім алады.

Басқа студенттердің арасында анонимді сауалнама жүргізгенде, олар сексуалды зорлықтың құрбандығы болғандарын жазып берген.

«15-20 қазан аралығында қалалық прокуратура колледждің қаржылық, ұйымдастырушылық және білім дәрежесін тексерді... Қазіргі кезде гинеколог мамандар қыздарды дәрігерлік тексеруден өткізіп жатыр. Олардың 80%-ы зорлау құрбаны болып шығуы мүмкін», - дейді аталған іспен танысқан құқық қорғау мекемесінің өкілі.

Айта кету керек, колледждің директоры қамауға алынған және бірқатар қызметкер Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарымен айыпталып отыр.