Коронавирус: Қытайда тәулік ішінде 13 адам қайтыс болды

0
763

Жалпы жұқтырғандардың ішінде 12 094 адам қазір ауырып жатыр. 3610 адамның жағдайы ауыр.


Коронавирус: Қытайда тәулік ішінде 13 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ел территориясында жұқтырған 80,8 мың адамның 65,5 мыңнан астам адам жазылды және 3189 адам қайтыс болды, деп жазады baq.kz.

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 80 824 адамға жетті. Олардың ішінде 65 541 адам емделіп жазылды. Бұл туралы ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.


Соңғы тәулікте 11 адам жаңадан жұқтырған және 13 адам қайтыс болған.

Жалпы жұқтырғандардың ішінде 12 094 адам қазір ауырып жатыр. 3610 адамның жағдайы ауыр.

Шекарадан келген адамдардың ішінде 95 адамнан коронавирус табылды.