Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайын нашарлататын дәрілер белгілі болды

0
1 677

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. Вирус әлемнің 120-дан аса еліне тарады.


Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайын нашарлататын дәрілер белгілі болды

ERNUR.KZ. Кортизон немесе ибупрофен сияқты қабынуға қарсы дәрілер коронавирус жұқтырған науқастың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бұл туралы Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран айтты, деп жазады sputniknews.kz.

"COVID-19. Қабынуға қарсы кортизон, ибупрофен және басқа да дәрілерді қабылдау инфекцияның асқынуына алып келуі мүмкін. Егер дене қызуыңыз көтеріліп тұрса, парацетамол ішіңіз", - деп жазды министр Twitter парақшасында.

Сонымен қатар, министр қабынуға қарсы дәрі-дәрмекпен емделіп жатқан немесе күмәнданып жүрген азаматтарға өзінің дәрігерімен сөйлесуге кеңес берді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Францияда коронавируспен ауырып жатқандар саны 3 661 адамға жетті. 79 адам вирустан көз жұмды.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. Вирус әлемнің 120-дан аса еліне тарады, 130 мыңнан астам адам ауру жұқтырды. Көпшілігі сауықты, бірақ 5 мыңнан астамы қайтыс болды.

14 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 6 адам коронавирус жұқтырды: екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, төрт адам – Алматыда.