Коронавирустан қытайлық режиссер мен оның отбасы көз жұмды

0
946

Қауіпті дерт бірінші қаңтар айында режиссердің әкесінен байқалған.


Коронавирустан қытайлық режиссер мен оның отбасы көз жұмды

ERNUR.KZ. Қытайлық кинорежиссер Чанг Кай және оның ата-анасы, әпкесі коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы The Guardian хабарлады.

55 жастағы режиссердің отбасы Қытайдың Ухань қаласында тұрған. Қауіпті дерт бірінші қаңтар айында Кайдың әкесінен байқалған. Режиссер әкесін ауруханаға жатқызуға тырысады, бірақ қаланың барлық медициналық мекемелері науқастарға толық болған. Одан соң Кайдың әкесі 28 қаңтар күні көз жұмған. Ол кезде отбасының барлық мүшелеріне қауіпті вирус жұғып үлгерген. Бірнеше күннен кейін режиссердің анасы қайтыс болды.

Кайдың өзі 14 ақпанда қайтыс болды, ал бірнеше сағаттан кейін оның әпкесі көз жұмды. Қазіргі уақытта режиссердің әйелі ауыр халде жатыр.

Чанг Кай Уханьдағы Hubei Film Studios киностудиясында жұмыс істеген.