Құздан құлаған қыз апта бойы радиатор су ішіп жан сақтаған

0
2 753

Оны бір аптадан кейін көлік құлаған Биг-Сур ауданынан туристер тауып алған.


Құздан құлаған қыз апта бойы радиатор су ішіп жан сақтаған

ERNUR.KZ. Бойжеткен 60 метрлік биіктіктен көлігімен қоса құлап кеткен. Көлік апаты болғаннан кейін бір апта өткенде оны тау етегінен тауып алған, деп жазады baq.kz.

Анықталғандай, америкалық ару көлігімен Портлендтен Лос-Анджелеске әпкесінің үйіне қонаққа бара жатқан. Калифорнияда жол бойында келе жатқанда алдынан жануар шығады. Амалы қалмаған ол кенеттен рөлді бұрып, көлік жолдан шығып кетеді де, шыңнан құзға қарай құлдилай құлайды.

Оны бір аптадан кейін көлік құлаған Биг-Сур ауданынан туристер тауып алған. Қыз бұзылып қалған көліктің радиаторынан су ішіп, тірі қалғанмен, иығына айтарлықтай зақым келген.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, қыздың періштесі қаққан, өйткені мұндай биіктіктен құлаған адам не жарақат алу салдарынан не теңізге батып көз жұмады.