Көршілес Қырғызстан тегіндегі кеңес дәуірінен қалған «-ов» және «-ев» жалғауларын жаппай алып тастауда.
depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қырғызстандықтар тегіндегі "-ов", "-ев" жалғауларынан бас тартып жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.
Көршілес Қырғызстан тегіндегі кеңес дәуірінен қалған «-ов» және «-ев» жалғауларын жаппай алып тастауда.
Бұл бастаманы депутаттар қолдады.
Жаңа заң жобасында фамилия мен әке атын жазудың жаңа нұсқалары ұсынылған:
- Тегін жазғанда ата есіміне әке есімі қосылып, ұл балалар үшін «уулу», қыз балалар үшін «кызы» сөзі қосылады.
- Ал тегі ата есімі негізінде жазылып, оған «теги» сөзі мен иелік жалғаулары қосылады:
- Ұл балалар үшін: «дын/тын», «дин/тин», «дүн/түн»
- Қыз балалар үшін: «дан/тан», «ден/тен», «дөн/төн»