​Қырғызстанда көмірдің бағасын мемлекет тарапынан реттеу тоқтатылды

0
215

Бұған дейін Қырғызстан үкіметі көмірдің құнын мемлекет тарапынан реттеу мерзімін бірнеше рет ұзартқан еді.


​Қырғызстанда көмірдің бағасын мемлекет тарапынан реттеу тоқтатылды

Фото: pexels.com

ERNUR.KZ. Көмірдің бағасын уақытша реттеу туралы Қырғызстан Министрлер кабинетінің қаулысы күшін жойды, деп жазады inform.kz.

Монополияға қарсы реттеу қызметінің мәліметінше, 15 ақпанға дейін мемлекет аймақтардағы көмірдің шекті құнын белгілеген болатын. Бұл ретте тиісті органдар өңірлерде 560 тексеру жүргізіп, оның нәтижесінде 800-ден астам бағаны негізсіз көтеру фактісін анықтады.

Бұған дейін Қырғызстан үкіметі көмірдің құнын мемлекет тарапынан реттеу мерзімін бірнеше рет ұзартқан еді. Кейінгі рет тиісті қаулы былтыр 15 желтоқсанда қабылданып, биыл 15 ақпанда күшін жойды.