Қытай Украинадағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

0
642

Бұған дейін Қытай сыртқы істер министрі Ван И Украина жетекші державалар арасындағы текетірестің алдыңғы шебі емес, Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпір болуы керек деген еді.


Қытай Украинадағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Қытай Украина төңірегіндегі қақтығысты бейбіт жолмен шешуге әлі де мүмкіндік барын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Чжан Цзюнь Қытай жағдайды мұқият қадағалап, Украинадағы қиын жағдайды бейбіт жолмен шешіледі деп үміттенетінін айтты.

"Қазіргі жағдайда барлық мүдделі тарап ұстамдылық танытып, шиеленістің одан ары шиеленісуіне жол бермеуі керек. Өйткені Украина мәселесін бейбіт жолмен шешуге есік толық жабылған жоқ және жабылмауы керек деп санаймыз", - деді қытайлық дипломат.

Чжан Цзюнь келіссөз қажеттігін айта келе, Украина мәселесінде күрделі тарихи контекст бар екенін және қазіргі жағдай әртүрлі фактордың өзара әрекеттесуі нәтижесі екенін айтты.

"БҰҰ жарғысының мақсаттары мен қағидаттары бірлесіп сақталуы керек және біз барлық мүдделі тарап сабырлылық пен ұтымдылықты сақтайды және келіссөздер арқылы мәселелерді тиісті түрде шешу үшін диалог пен кеңес беру міндеттемесін алады деп үміттенеміз. Қытай да бейбіт келіссөздер жүргізуді жалғастырады", - деді ол.

Бұған дейін Қытай сыртқы істер министрі Ван И Украина жетекші державалар арасындағы текетірестің алдыңғы шебі емес, Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпір болуы керек деген еді. Сондай-ақ, ол барлық тарапты ұстамдылық танытып, келіспеушіліктерді диалог арқылы шешуге шақырғанын қайталады.